Об утверждении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов
- Атауы (қаз.)
- Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1722/39
- Қабылданған күні
- 19.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2022 144076_613100.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KH005900
- ЭКБ идентификаторы
- 144076
- Редакция идентификаторы
- 144076_613100
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:58
0 Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін
және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Шахтинск қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 19 маусымы
№ 1722/39
шешіміне 1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
1 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Шахтинск қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 19 маусымы
№ 1722/39
шешіміне 2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№
Атауы
1
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
2
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар.
3
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
4
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 «Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы» бұйрығы
5
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.
6
Қандастар.
7
Толық емес отбасылар жатады.