Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 24.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2021 144101_511197.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20SE006388
- ЭКБ идентификаторы
- 144101
- Редакция идентификаторы
- 144101_511197
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:56
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің «Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 20 қаулысының (2019 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5214 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімінің
2020 жылғы 24 маусымы
№ 180 қаулысына
қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
Ұйымдар атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
Жұмыс істейтін мүгедектер саны
Барлығы
(адам)
оның ішінде 2020 жылға
«Нежинка - Ерке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
260
4
10
1
9
«Атамекен-Агро-Целинный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
145
3
4
1
3