Об определении специализированных мест, а также порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в городе Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специализированных мест, а также порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в городе Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, сондай-ақ арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 462
- Қабылданған күні
- 23.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2024 144136_720650.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20R0001622
- ЭКБ идентификаторы
- 144136
- Редакция идентификаторы
- 144136_720650
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:56
0 Алматы қаласындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындарды, сондай-ақ арнайы
орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары айқындалсын.
2
2. Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 425 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1606 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 ақпанда «Алматы ақшамы» газетінің № 15 шығаруында және «Вечерний Алматы» газетінің № 15 шығаруында жарияланған) шешiмнің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
Е.Б. Қасымовқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Алматы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
шешіміне қосымша
Алматы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану
тәртібі, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің
іргелес аумақтарының шекаралары
1
1. Алматы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбiт әрi қарусыз жиналу, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шеру және пикеттеу өткізу құқығының іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
2 2. Алматы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары:
№
р/с
Арнайы орындар
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Шекті толу нормасы
1.1.
Махатма Ганди атындағы саябақ
Аумақта:
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- 120 тұрақ орны (4 кіру,
4 шығу) бар.
200
адамнан астам емес
2.2.
«Сары Арқа» кинотеатрының артындағы гүлзар
Аумақта:
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары.
- 20 тұрақ орны (1 кіру,
1 шығу) бар.
1000
адамнан артық емес
3.3.
Амангелді Иманов атындағы саябақ
Аумақта:
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- 20 тұрақ орны (1 кіру,
1 шығу) бар.
500
адамнан артық емес
4.4.
Юрий Гагарин даңғылынан бастап Жамбыл Жабаев көшесінің бойымен Сәбит Мұқанов көшесіне дейін
- көше бойында жарықтандыру;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары бар.
1000
адамнан артық емес
3
3. Алматы қаласы әкімдігінің өкілі хабарламаны (пикеттеу, жиналыс және митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) немесе өтінішті (демонстрация және шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады: