О внесении изменений в административно-территориальное устройство Зайсанского района и города Семей Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в административно-территориальное устройство Зайсанского района и города Семей Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының және Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 191
- Қабылданған күні
- 12.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2020 144193_469279.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20V0007216
- ЭКБ идентификаторы
- 144193
- Редакция идентификаторы
- 144193_469279
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:05
0 Шығыс Қазақстан облысы
Зайсан ауданының және Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3, 11-баптарына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Зайсан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 451 қаулысы мен Зайсан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 43-1 шешімі негізінде, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кейбір елді мекендерін тарату және есепті деректерден шығару жөнінде ұсыныстар енгізу туралы» бірлескен Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 1618 қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № 41/279-VІ шешімі негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Зайсан ауданы бойынша:
1 1) мынадай елді мекендер таратылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:
Сарытерек ауылдық округінің Жаңабаз ауылы;
Айнабұлақ ауылдық округінің Талды, Сарытұмсық ауылдары;
Кеңсай ауылдық округінің Сарши ауылы;
2 2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
Сарытерек ауылдық округінің Жаңабаз қонысы Сарытерек ауылдық округінің Көгедай ауылының құрамына;
Айнабұлақ ауылдық округінің Талды, Сарытұмсық қоныстары, Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ ауылының құрамына;
Кеңсай ауылдық округінің Сарши қонысы Кеңсай ауылдық округінің Кеңсай ауылының құрамына енгізілсін.
Семей қаласы бойынша:
1 1) мынадай елді мекендер таратылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:
Қараөлең ауылдық округінің Қараөлең ауылы;
Ақбұлақ ауылдық округінің Социалистік Қазақстан ауылы;
2 2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
Қараөлең ауылдық округінің Қараөлең қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Қараөлең ауылдық округінің Қайнар ауылының құрамына;
Ақбұлақ ауылдық округінің Социалистік Қазақстан қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылының құрамына енгізілсін.