О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 205-1283
- Қабылданған күні
- 25.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2020 144257_468900.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20A0001274
- ЭКБ идентификаторы
- 144257
- Редакция идентификаторы
- 144257_468900
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:52
0 Әкімдіктің кейбір
қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы
6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 46-бабы 2-тармағының
4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Қайсағалиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Әкімдіктің күші жойылған қаулылардың тізбесі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 25 маусымы
№ 205-1283 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің күші жойылған қаулылардың тізбесі
1 1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы
8 тамыздағы № 205-1418 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1055 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте
№ 109 (3461) «Астана ақшамы», № 109 (3479) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).
2 2. «Астана қаласында геология саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы
8 тамыздағы № 205-1419 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1053 болып тіркелген, 2016 жылғы
20 қыркүйекте № 109 (3461) «Астана ақшамы», № 109 (3479) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).
3 3. «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 8 тамыздағы № 205-1420 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1056 болып тіркелген, 2016 жылғы
20 қыркүйекте № 109 (3461) «Астана ақшамы», № 109 (3479) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).
4 4. «Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 8 тамыздағы № 205-1421 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1052 болып тіркелген, 2016 жылғы
20 қыркүйекте № 109 (3461) «Астана ақшамы», № 109 (3479) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).
5 5. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы
2 мамырдағы № 205-701 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1175 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 мамырда № 62 (3722) «Астана ақшамы», № 62 (3740) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).