Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 138 · қабылданған 23.06.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144279/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 138 ·23.06.2020
20.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 138 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
138
Қабылданған күні
23.06.2020
Көрсетілген редакция
20.02.2024 144279_685385.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20TC004683
ЭКБ идентификаторы
144279
Редакция идентификаторы
144279_685385
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:57

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы» Махамбет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 427 шешіміне сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 155 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3544 санымен тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Сейтқалиевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

5 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Махамбет аудандық әкімдігінің
2020 жылғы 23 маусымдағы
№ 138 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы және аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысы;

2 2) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары және аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысының орынбасары;

3 3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

4 4) мейіргер;

5 5) логопед;

6 6) психолог;

7 7) әдіскер;

8 8) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

9 9) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);

10 10) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;

11 11) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

12 12) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

13 13) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;

14 14) емдік денешынықтыру жөніндегі маман;

15 15) ассистент.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

4 4) аккомпаниатор;

5 5) аккомпаниатор-концертмейстр;

6 6) барлық атаудағы әртістері;

7 7) библиограф;

8 8) кітапханашы;

9 9) дирижер;

10 10) дыбыс режиссері;

11 11) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

12 12) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

13 13) музыкалық жетекші;

14 14) продюсер;

15 15) редактор (негізгі қызметтер);

16 16) режиссер;

17 17) қоюшы режиссер;

18 18) вокал бойынша үйретуші;

19 19) хореограф;

20 20) хормейстер;

21 21) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).

Қолданыстағы