Құжат мәтініне өту

Об определении специализированных мест для проведения собраний, митингов, демонстраций, шествий, пикетирований и правил их использования в районе Т. Рыскулова

Ереже · № 56-5 · қабылданған 26.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144286/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении специализированных мест для проведения собраний, митингов, демонстраций, шествий, пикетирований и правил их использования в районе Т. Рыскулова Қолданыста Ереже ·№ 56-5 ·26.06.2020
26.03.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специализированных мест для проведения собраний, митингов, демонстраций, шествий, пикетирований и правил их использования в районе Т. Рыскулова

Қолданыста Ереже ·№ 56-5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специализированных мест для проведения собраний, митингов, демонстраций, шествий, пикетирований и правил их использования в районе Т. Рыскулова
Атауы (қаз.)
Т. Рысқұлов ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
56-5
Қабылданған күні
26.06.2020
Қолданысқа енгізілген күні
12.07.2020
Көрсетілген редакция
26.03.2024 144286_693245.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20GH004655
ЭКБ идентификаторы
144286
Редакция идентификаторы
144286_693245
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:49

0 Т.Рысқұлов ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Осы шешімінің № 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес Т.Рысқұлов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

2

2. Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 ақпандағы №42-6 «Т.Рысқұлов ауданы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2016 жылғы 14 наурыздағы № 2977 тiркелген, 2016 жылдың 28 наурызында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін –өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Т.Рысқұлов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

№1 қосымша
Т.Рысқұлов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1 1. Жиналыстар мен митингілерді ұйымдастыру және өткізу үшін келесі арнайы орыны айқындалсын:

1 1) Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, «Дендро» саябағының алдындағы алаң.

2 2. Т.Рысқұлов ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу келесі маршруты болып белгіленсін:

1 1) Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, О.Болысов көшесі №1 үйден бастап Жібек жолы көшесіне дейін.

3 3. Т.Рысқұлов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

1

1) Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу кезінде бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін жедел штаб құрады. Жедел штабтың құрамына жергілікті полиция қызметі, азаматтық қорғау органдары өкілдері, бейбіт жиналысты ұйымдастырушы (бұдан әрі - ұйымдастырушы) кіреді. Жедел штабты аудан әкімдігінің уәкілетті өкілі басқарады;

2

2) ұйымдастырушы бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін қатысушылардың жүріс-тұрыс қағидаларын азаматтар үшін жалпыға қолжетімді жерге орналастырады, қоғамдық тәртіпті сақтауды, қатысушылардың қауіпсіздігін, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін шараларды және төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау тәртібін көздейді;

3 3) ұйымдастырушы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жедел штабты басқару пунктінің, жергілікті полиция қызметінің және жедел жәрдемнің қызметтік автокөлігі, сондай-ақ, резерві тұрағының орналасатын жерін айқындайды;

4 4) жергілікті полиция қызметі бейбіт жиналыс басталуынан екі тәулік бұрын қоғамдық тәртіпті сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарын бекітеді;

5 5) Т.Рысқұлов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңындағы көзделген міндеттер мен тыйымдарды қатаң сақтауға міндетті.

3 3. Т.Рысқұлов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

а / в = с;
а – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың аумағы (шаршы метр);
в – бейбіт жиналыстарға қатысатын әрбір азаматқа қарастырылған шекті норма (1,5 шаршы метр);
с - бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы (бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың шекті саны).

4

4. Т.Рысқұлов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды жергілікті полиция әрбір бейбіт жиналысты өткізу кезінде бекітетін қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарына сәйкес анықталады.

18 Бейбіт жиналыстарды, шеррулерді және демонстрацияларды өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету

№2 қосымша
Бейбіт жиналыстарды, шеррулерді және демонстрацияларды өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық
қамтамасыз ету

п/п
Арнайыорынныңатауы
Материалдық-техникалыққамтамасызетілуі
Шекті толу нормалары
1.
Құлан ауылы «Дендро» саябағының алдындағы алаң
Жер учаскесінің көлемі
–250 шаршы метр;
- жасандыжарықтандыру;
- электрэнергиясынқосунүктесі;
- бейнебақылаукамераларыжәнебейнежазбаларорнатылған
150 адам
2.
Құлан ауылы, О.Болысов көшесі №1 үйден бастап, Жібек жолы көшесіне дейін
Маршруттыңұзындығы 0,300 километр немесе300 метр;
- маршрут бойындакөшелержарықтандырылған;
- бейнебақылаукамераларыжәнебейнежазбаларорнатылған
150 адам

19 Пикеттеуді өткізу тәртібі

№3 қосымша
Пикеттеуді өткізу тәртібі
Пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы.
Пикеттеуді:

1 1) жаппай жерлеу орындарында;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4 4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

5 5) магистральдық темір жол желілерінде, магистральдық құбыр жолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда өткізуге тыйым салынады.

Пикеттеу барысында:

1 1) оны тек бір азамат тұрақты түрде, яғни қозғалыссыз жүргізуіне;

2 2) плакаттарды, транспаранттар мен өзге де көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

3 3) бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір жерде, бір уақытта бір объектіде бір күнде екі сағаттан асырмай жүргізілуіне жол беріледі.

Пикеттеу барысында:

1 1) бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір жерде, бір уақытта бір объектіде екі және одан көп пикеттерді өткізуге;

2 2) дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға;

3 3) пикеттеуге тыйым салынған іргелес нысан аумағынан 800 метр қашықтықта пикеттеу жүргізуге жол берілмейді.

Қолданыстағы