Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском (сельском) сообщениях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском (сельском) сообщениях
- Атауы (қаз.)
- Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15619
- Қабылданған күні
- 25.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2020 144299_497641.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20LA007539
- ЭКБ идентификаторы
- 144299
- Редакция идентификаторы
- 144299_497641
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:53
0 Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы
4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 90 (тоқсан) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 120 (жүз жиырма) теңге.
2 2. Электрондық жолақы төлеу жүйесi жарамсыз болған жағдайда, көлiк карталары арқылы төлемдi жүзеге асыратын жолаушылар тегiн жол жүру құқығына ие болады.
3 3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛIСIЛДI»
«Қызылорда қалалық
мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесімен
6 Қызылорда қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 25 маусымы
№ 15619 қаулысына қосымша
Қызылорда қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін барлық маршруттар үшін бірыңғай белгiлеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі №3438 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10-1-210 тіркелген, «Кызылорда таймс» газетінде
2013 жылғы 4 мамырда жарияланған).
2 2. «Қызылорда қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифін белгілеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі №3438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы
10 маусымдағы №5562 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5542 тіркелген, «Ақмешіт ақшамы» газетінде 2016 жылғы 29 маусымда, «Кызылорда таймс» газетінде 2016 жылғы 29 маусымда, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 7 шілдеде жарияланған).
3 3. «Қызылорда қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифiн белгiлеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі №3438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы
13 шілдедегі №8361 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5910 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 1 тамызда жарияланған).