Құжат мәтініне өту

Об установлении порядка использования специальных мест, специальных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельного наполнения, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению в Сарысуском районе

Өзге акт · № 77-3 · қабылданған 30.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144337/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об установлении порядка использования специальных мест, специальных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельного наполнения, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению в Сарысуском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 77-3 ·30.06.2020
26.02.2024 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении порядка использования специальных мест, специальных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельного наполнения, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению в Сарысуском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 77-3 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении порядка использования специальных мест, специальных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельного наполнения, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению в Сарысуском районе
Атауы (қаз.)
Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
77-3
Қабылданған күні
30.06.2020
Қолданысқа енгізілген күні
14.07.2020
Көрсетілген редакция
26.02.2024 144337_689465.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20GI004664
ЭКБ идентификаторы
144337
Редакция идентификаторы
144337_689465
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:46

0 Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық

және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Осы шешімінің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар белгіленсін.

2

2. Сарысу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы «Сарысу ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №2994 болып тiркелген, 2016 жылдың 30 наурызында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) №58-5 шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3 3. «Сарысу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарысу аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарысу аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 маусымы
№ 77-3
шешіміне 1 қосымша
Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1 1. Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған  арнайы айқындалған орындар:

1 1) жиналыс пен митинг өткізу орыны: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 3 мөлтекаудан №45, аудандық мәдениет үйі.

2 2) Сарысу ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесі №25, Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап аудандық мәдениет үйіне дейін.

2 2. Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

1

1) аудан әкімдігі бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу кезінде бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін жедел штаб құрады. Жедел штабтың құрамына жергілікті полиция қызметі, азаматтық қорғау органдары өкілдері, бейбіт жиналысты ұйымдастырушы (бұдан әрі - ұйымдастырушы) кіреді. Жедел штабты аудан әкімдігінің уәкілетті өкілі басқарады;

2

2) ұйымдастырушы бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін қатысушылардың жүріс-тұрыс қағидаларын азаматтар үшін жалпыға қолжетімді жерге орналастырады, қоғамдық тәртіпті сақтауды, қатысушылардың қауіпсіздігін, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін шараларды және төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау тәртібін көздейді;

3 3) ұйымдастырушы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жедел штабты басқару пунктінің, жергілікті полиция қызметінің және жедел жәрдемнің қызметтік автокөлігі, сондай-ақ резерві тұрағының орналасатын жерін айқындайды;

4 4) жергілікті полиция қызметі бейбіт жиналыс басталуынан екі тәулік бұрын қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарын бекітеді.

5 5) Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу

тәртібі туралы» Заңындағы көзделген міндеттермен тыйымдарды қатаң сақтауға міндетті.

3 3. Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

а  / в = с;
а – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың аумағы (шаршы метр);
в – бейбіт жиналыстарға қатысатын әрбір азаматқа қарастырылған шекті норма (1,5 шаршы метр);
с - бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы (бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың шекті саны).

4

4. Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды жергілікті полиция әрбір бейбіт жиналысты өткізу кезінде бекітетін қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарына сәйкес анықталады.

18 Бейбіт жиналыстарды және шерулерді өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Сарысу аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 маусымдағы №77-3
шешіміне 2 қосымша
Бейбіт жиналыстарды және шерулерді өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету

п/п
Арнайы орынның атауы
материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
Шекті толу нормалары
1.1.
Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 3 мөлтекаудан №45, аудандық мәдениет үйі.
Жер учаскесінің ауданы - 4500 шаршы метр;
- 5 бағанада жасанды жарықтандыру 10 шам орналастырылған;
- электр энергиясын қосу нүктесі ғимараттың ішінде 1 қабатта орналасқан;
- бейнебақылау және бейнежазба камералары орнатылды;
- 3 тұрақ орны ( 2 кіру, 1 шығу)
150
адам
2.2.
Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесі №25, Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап аудандық мәдениет үйіне дейін.
Маршруттың ұзындығы 1,5 кило метр;
- маршрут бойынша көшелер жарықтандырылды;
- 4 бейне бақылау камерасы орнатылды.
150 адам

19 Пикеттеуді өткізу тәртібі.

Сарысу аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 маусымдағы №77-3
шешіміне 3 қосымша
Пикеттеуді өткізу тәртібі.
Пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы.
Пикеттеуді:

1 1) жаппай жерлеу орындарында;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4 4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;

5 5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

6 6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда өткізуге тыйым салынады.

Пикеттеу барысында:
- оны тек бір азамат тұрақты түрде, яғни қозғалыссыз жүргізуіне;
- плакаттарды, транспаранттар мен өзге де көрнекі үгіт құралдарын
пайдалануға;
-(бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда) бір жерде, бір уақытта бір объектіде бір күнде екі сағаттан астырмай жүргізілуіне жол беріледі.
Пикеттеу барысында:
-(бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда) бір жерде, бір уақытта бір объектіде екі және одан көп пикеттерді өткізуге;
-дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға;
-пикеттеуге тыйым салынған іргелес нысан аумағынан 800 метр қашықтықта пикеттеу жүргізуге жол берілмейді.

Қолданыстағы