Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача выписки из реестра регистрации залога движимого имущества»

Бұйрық · № 107 · қабылданған 19.06.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144367/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача выписки из реестра регистрации залога движимого имущества» Күшін жойған Бұйрық ·№ 107 ·19.06.2020
18.06.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача выписки из реестра регистрации залога движимого имущества»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 107 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача выписки из реестра регистрации залога движимого имущества»
Атауы (қаз.)
«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
107
Қабылданған күні
19.06.2020
Көрсетілген редакция
18.06.2021 144367_528877.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020917
ЭКБ идентификаторы
144367
Редакция идентификаторы
144367_528877
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:59

0 «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 19 маусымы
№ 107
бұйрығына 1-қосымша
«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы»

1 1-тарау. Жалпы ережелер.

1

1. «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін) айқындайды.

2

2. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірмені беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсімен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

3

3. Ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін куәландыру (қол қою) порталдың есептік жазбасына қосу тіркелген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салады және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) не біржолғы парольді алу арқылы қол қояды.

4

4. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері есебімен өзге де мәліметтер Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) келтірілген.

5 5. Сұрау салу жылжымалы мүлік кепілінің тізбесіне (бұдан әрі – ЖМКТ) өңдеуге беріледі, ЖМКТ-да өңдеу 20 минут ішінде жүзеге асырылады.

6 6. «Сұрау салу өңдеуде» деген мәртебе сұрау салу өңдеуде екенін білдіреді.

Сұрау салу өңделгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға «Сұрау салу оң өңделді» деген мәртебе беріледі.

7 7. Сұрау салуды өңдеу қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне келіп түседі.

8 8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі қарау және сақтау үшін қолжетімді, тіркелген жылжымалы мүлік кепілі туралы мәліметтер болмаған жағдайда мәліметтердің болмауы туралы нәтиже болады.

9 9. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) басқа жеке тұлғаға қатысты электрондық нысанда ЭҮП арқылы ол келіскен кезде көрсетіледі.

Үшінші түлғалар ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу жібереді. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы ЭҮП-тегі «жеке кабинетінен» ұсынылған мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі болған кезде, сондай-ақ біржолғы парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқаша мәтіндік хабар жіберу арқылы субъектінің ұялы байланысының ЭҮП-те тіркелген абоненттік нөмірі арқылы орындалады.
Қызметті көрсетуге мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі (бас тартуы) сұрау салу алынған кезден бастап 2 (екі) сағат ішінде жіберіледі. Келісім алынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, ЖМКТ арқылы қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі үшінші тұлғаның «жеке кабинетіне» жіберіледі.

10 10. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесі бұзылған жағдайда «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.

Бұл жағдайда оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы жасайды және оған көрсетілетін қызметті берушімен қол қояды.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11

11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

12 12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде – көрсетілетін қызметті берушінің;
ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның қарауына жатады;

13 13. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

1 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады;

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімін ұзарту кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

1.1 «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

1-қосымша
«Жы­л­жы­ма­лы мү­лік ке­пі­лін тір­кеу ті­зі­лі­мі­нен үзін­ді кө­шір­ме­ні бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту стан­дар­ты
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
«Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
2.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің тә­сіл­де­рі
«элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы: www.​e.​gov.​kz
3.
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­ті көр­се­ту мерзi­мі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өті­ніш­ті бер­ген кез­ден ба­стап пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де қыз­мет мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­де мә­лі­мет­тер болған кез­де 20 (жиыр­ма) ми­нут ішін­де көр­се­ті­ле­ді.
4.
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5.
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сi
-жы­л­жы­ма­лы мү­лік ке­пі­лін тір­кеу ті­зі­лі­мі­нен үзін­ді кө­шір­ме
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын ақы мөл­ше­рі, және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу­дың тә­сіл­де­рі
те­гін
7.
Жұ­мыс кесте­сі
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші:
1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция фи­ли­ал­да­рын­да – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­дерiн қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бi­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 9.00-ден са­ғат 18.30-ге дей­iн, түс­кі үзiлi­сі са­ғат 13.00-тен 14.00-ге дей­ін,.
2) құ­жат­тар­ды қа­был­дау және бе­ру бой­ын­ша Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­дерi­нен бас­қа, дүй­сен­бi­ден ба­стап сен­бi­ні қо­са ал­ған­да, түс­кі үзiлiс­сiз, са­ғат 9.00-ден са­ғат 20.00-ге дей­iн.
пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) пор­тал­ға:
осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жы­л­жы­ма­лы мү­лік ке­пі­лі ті­зі­лі­мі­нен жы­л­жы­ма­лы мү­лік ке­пі­лін тір­кеу ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу­ға сұ­рау са­лу.
Мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің қыз­мет­ке­рі «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды;
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту­дың негіз­де­рі
жоқ
10.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алуы­на мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің, сон­дай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол­же­тім­ді­лік ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет үшін­ші тұ­лға­лар­ға көр­се­ті­луі мүм­кін Үшін­ші тұ­лға­лар­дың элек­трон­дық сұ­рау са­луы пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті­нен» ұсы­ны­л­ған мә­лі­мет­тер сұ­ра­ты­ла­тын тұл­ға­ның ке­лі­сі­мі болған кез­де, сон­дай-ақ бір­жол­ғы па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се пор­тал­дың ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа­ша мәт­ін­дік ха­бар жі­бе­ру ар­қы­лы субъ­ек­ті­нің ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның пор­тал­да тір­кел­ген або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы орын­да­ла­ды.

1.2 «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

2-қосымша
Нысан
_______________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы"КЕАҚ филиалы)
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді
көшірме беруге № ________ сұрау салу
Мен,
______________________________________________________________________________
(жеке тулғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә)
______________________________________________________________________________
(паспорт деректерi (жеке куәлiк деректерi) және тұрғылықты жерi)
______________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және деректемелері)
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________ негiзiнде
(өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректемелері)
____________________________________________________________ атынан әрекет ететін
(уәкiлеттi өкiл толтырады)
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді
көшірмені ұсынуды сұраймын.
______________________________________________________________________________
(кепіл беруші жеке тұлғаның ТАӘ немесе заңды тұлғаның атауы)
Жеке немесе заңды тұлға өкілінің өкілдігін растайтын құжат
______________________________________________________________________________
Күнi________/_____________________________________/____________________________
(өтiнiш берушiнiң қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә.)
______________________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә. және қолы)
Сұрау салуды беру күні: 20_____ ж. __________ Уақыты ____ сағат ____ мин
Сұрау салуды орындау /қарау/ нәтижесi: ______________________________
Тексерiлдi: күнi 20_____ ж._________ _________________________________
__________________________________________________________________________
(тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы)

1.3 «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

3-қосымша
Нысан
Мүліктің ауыртпалықтары тіркелді
Жы­л­жы­ма­лы мү­лік­тің си­па­ты
Ауырт­па­лық­тың туын­да­уын тір­кеу кү­ні
Ауырт­па­лық туын­да­уы­ның негі­зі
Ке­піл мер­зі­мі
Ке­піл ұста­у­шы
Ке­піл со­ма­сы

Қолданыстағы