Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 30.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2020 144368_487069.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20TEC04687
- ЭКБ идентификаторы
- 144368
- Редакция идентификаторы
- 144368_487069
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:48
0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 27 мамырдағы № 11-10/114 ұсынысы негізінде Жангелдин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жангелдин ауылының «Азат» шаруа қожалығының аумағында мүйізді ұсақ қара малдары арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қызылқоға аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Қызылқоға аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.