О присвоении наименований улицам станции Теректы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований улицам станции Теректы
- Атауы (қаз.)
- Теректі станциясының көшелеріне атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 29.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2020 144370_469351.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KBA05928
- ЭКБ идентификаторы
- 144370
- Редакция идентификаторы
- 144370_469351
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:49
0 Теректі станциясының көшелеріне
атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармақшасына және 14-1 бабы 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес, Теректі станциясының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Кеңгір селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Теректі станциясының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
атауы жоқ көшені - «Байқоңыр» көшесі;
атауы жоқ көшені - «Сарыарқа» көшесі;
атауы жоқ көшені - «Наурыз» көшесі;
атауы жоқ көшені - «Алтын орда» көшесі.