Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Карабулак Карабулакского сельского округа

Өзге акт · № 36 · қабылданған 01.07.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144398/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Карабулак Карабулакского сельского округа Күшін жойған Өзге акт ·№ 36 ·01.07.2020
01.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Карабулак Карабулакского сельского округа

Күшін жойған Өзге акт ·№ 36 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Карабулак Карабулакского сельского округа
Атауы (қаз.)
Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Ахмаров көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36
Қабылданған күні
01.07.2020
Көрсетілген редакция
01.10.2020 144398_483869.kaz
Соңғы өзгеріс
01.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UJJ05685
ЭКБ идентификаторы
144398
Редакция идентификаторы
144398_483869
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:46

0 Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Ахмаров көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 17 маусымдағы №02-05/218 ұсынысына сәйкес және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы М.Ахмаров көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2. Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 18 маусым 2020 жылғы №33 «Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылының М.Ахмаров көшесіндегі №270 үй ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №5658 тіркелген, 2020 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы