Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов в городе Павлодаре (без учета утилизации и переработки)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов в городе Павлодаре (без учета утилизации и переработки)
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 494/66
- Қабылданған күні
- 15.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2023 144422_648707.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PA006853
- ЭКБ идентификаторы
- 144422
- Редакция идентификаторы
- 144422_648707
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:04
0 Павлодар қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта
өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы»
№ 404 бұйрығына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтер осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2 2. Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі «Павлодар қаласының аумағынан тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифтерін бекіту туралы» № 147/19 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3545 болып тіркелген, 2013 жылғы
7 маусымда «Шаһар» газетінде және 2013 жылғы 10 маусымда «Версия» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 шілдедегі «Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі «Павлодар қаласының аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару тарифтерін бекіту туралы»
№ 147/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 58/7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5217 болып тіркелген,
2016 жылғы 27 тамызда «Звезда Прииртышья» газетінде және 2016 жылғы
30 тамызда «Сарыарқа самалы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Жеке тұлғалар үшін Павлодар қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтер
Павлодар қалалық маслихатының
2020 жылғы 15 маусымы
№ 494/66 шешіміне
1-қосымша
Жеке тұлғалар үшін Павлодар қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді
есепке алмай) арналған тарифтер
Р/с №
Атауы
Есептік бірлік
Бағасы айына (теңге)
1
Тұрмысқа жайлы үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф
1 тұрғын
288,15
2
Тұрмысқа жайсыз үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф
1 тұрғын
295,54
7 Заңды тұлғалар үшін Павлодар қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тариф
Павлодар қалалық мәслихатының
2020 жылғы 15 маусымдағы
№ 494/66 шешіміне
2-қосымша
Заңды тұлғалар үшін Павлодар қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тариф
Р/с №
Атауы
Есептік бірлік
Бағасы айына (теңге)
1
Қосылған құн салығын есепке алмай, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф
1 м3
1773,25