Құжат мәтініне өту

О признании утратившим силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата

Қаулы · № 214 · қабылданған 26.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144455/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О признании утратившим силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата Қолданыста Қаулы ·№ 214 ·26.06.2020
26.06.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившим силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата

Қолданыста Қаулы ·№ 214 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившим силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
214
Қабылданған күні
26.06.2020
Көрсетілген редакция
26.06.2020 144455_470113.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20V0007261
ЭКБ идентификаторы
144455
Редакция идентификаторы
144455_470113
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:49

0 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі:

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 26 маусымы
№ 214 қаулыға қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған
қаулыларының тізбесі:

1

1) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 247 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4196 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде электронды түрде 2015 жылғы 4 желтоқсанда, «Дидар» газетінде 2015 жылғы 10 қарашада, «Рудный Алтай» газетінде 2015 жылғы 11 желтоқсанда жарияланған);

2

2) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 наурыздағы № 50 «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4467 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2016 жылғы 13 сәуірде, «Дидар» газетінде 2016 жылғы 18 сәуірде, «Рудный Алтай» газетінде 2016 жылғы 19 сәуірде жарияланған);

3

3) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 200 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 247 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4643 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2016 жылғы 5 қыркүйекте, «Дидар» газетінде 2016 жылғы 30 тамызда, «Рудный Алтай» газетінде 2016 жылғы 30 тамызда жарияланған);

4

4) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 93 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5015 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2017 жылғы 19 мамырда, «Дидар» газетінде 2017 жылғы 30 мамырда, «Рудный Алтай» газетінде 2017 жылғы 30 мамырда жарияланған);

5

5) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 358 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5462 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2018 жылғы 30 қаңтарда, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде 2018 жылғы 6 ақпанда жарияланған);

6

6) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 267 «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5677 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2018 жылғы 6 қазанда, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде 2018 жылғы 9 қазанда жарияланған).

Қолданыстағы