Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий на территории сел Жибек-жолы и Сикым Жибек-жолынского сельского округа

Өзге акт · № 11 · қабылданған 02.07.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144475/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий на территории сел Жибек-жолы и Сикым Жибек-жолынского сельского округа Күшін жойған Өзге акт ·№ 11 ·02.07.2020
29.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий на территории сел Жибек-жолы и Сикым Жибек-жолынского сельского округа

Күшін жойған Өзге акт ·№ 11 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий на территории сел Жибек-жолы и Сикым Жибек-жолынского сельского округа
Атауы (қаз.)
Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы және Сиқым ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11
Қабылданған күні
02.07.2020
Көрсетілген редакция
29.09.2020 144475_483828.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UJF05691
ЭКБ идентификаторы
144475
Редакция идентификаторы
144475_483828
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:44

0 Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы және Сиқым ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 17 маусымдағы №02-05/217 ұсынысына сәйкес және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жібек-жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы ауылының Ю.Гагарин, Қ.Төлеметов көшелеріне және Сиқым ауылының Абай көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №9 «Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы және Сиқым ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №5645 тіркелген, 2020 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Сайрам ауданының Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы