О порядке организации и проведения мирных собраний в городе Туркестан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О порядке организации и проведения мирных собраний в городе Туркестан
- Атауы (қаз.)
- Түркістан қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 64/313-VI
- Қабылданған күні
- 26.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2024 144480_696142.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UD005692
- ЭКБ идентификаторы
- 144480
- Редакция идентификаторы
- 144480_696142
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:49
0 Түркістан қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Түркістан қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін келесі арнайы орындар айқындалсын:
1 1) «Парасат» саябағы алдындағы алаң;
2 2) «Жеңіс» саябағында орналасқан сахна алдындағы алаң.
3 3) О.Жарылқапов атындағы стадион.
2 2. Түркістан қаласында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Жібек жолы даңғылы мен Шәуілдір тас жолы бұрышынан Ж.Майкотов көшесі мен Шәуілдір тас жолының қиылысына дейінгі аралық айқындалсын.
3
3. Түркістан қаласында бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
4 4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
5 5. «Түркістан қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түркістан қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
6 6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
12 Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану ТӘРТІБІ
Түркістан қалалық
мәслихатының 2020
жылғы 26 маусымдағы
№64/313-VI шешіміне
1-қосымша
Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Түркістан қалалық мәслихаты бейбіт жиналыстарды немесе шерулерді өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.
Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін
арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуі
№
п/п
Арнайы орын атауы
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі
Шекті толу нормалары
1.1.
«Парасат» саябағы алдындағы алаң
- көше жарығы,
- электр энергиясын қосу нүктесі,
- бейнебақылау және бейнежазба камералары,
- автотұрақ орындарының болуы
(1 кіру, 1 шығу).
150
адам
2.2.
«Жеңіс» саябағында орналасқан сахна алдындағы алаң
- көше жарығы,
- электр энергиясын қосу нүктесі,
- бейнебақылау және бейнежазба камералары
- автотұрақ орындарының болуы
(1 кіру, 1 шығу).
150
адам
3.3.
О.Жарылқапов атындағы стадион
- көше жарығы,
- электр энергиясын қосу нүктесі,
- бейнебақылау және бейнежазба камералары
- автотұрақ орындарының болуы
(1 кіру, 1 шығу).
150
адам
Жергілікті атқарушы органның өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:
- бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айырым белгісі;
- периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;
- бейбіт жиналыстар кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, көлік құралдары, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары және осы Заңда көрсетілген құралдарды пайдалану туралы;
- БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесе қоршаумен шектеу; фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);
- бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;
- Жібек жолы даңғылы мен Шәуілдір тас жолы бұрышынан Ж.Майкотов көшесі мен Шәуілдір тас жолының қиылысына дейінгі жүру маршрутымен танысу.
Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:
- өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;
- ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
- санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;
- бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.
13 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Түркістан қалалық мәслихатының
2020 жылғы 26 маусымдағы
№64/313-VI шешіміне 2-қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес
аумақтардың шекаралары
Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді: