Құжат мәтініне өту

Об определении специализированных мест, порядка использования специализированных мест, норм их предельного наполнения, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению для организации и проведения мирных собраний в Меркенском районе

Өзге акт · № 68-3 · қабылданған 01.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144482/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об определении специализированных мест, порядка использования специализированных мест, норм их предельного наполнения, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению для организации и проведения мирных собраний в Меркенском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 68-3 ·01.07.2020
25.12.2023 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специализированных мест, порядка использования специализированных мест, норм их предельного наполнения, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению для организации и проведения мирных собраний в Меркенском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 68-3 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специализированных мест, порядка использования специализированных мест, норм их предельного наполнения, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению для организации и проведения мирных собраний в Меркенском районе
Атауы (қаз.)
Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
68-3
Қабылданған күні
01.07.2020
Қолданысқа енгізілген күні
19.07.2020
Көрсетілген редакция
25.12.2023 144482_680742.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20GF004668
ЭКБ идентификаторы
144482
Редакция идентификаторы
144482_680742
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:45

0 Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімінің қосымшаларына сәйкес Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

2

2. Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 наурыздағы №49-8 «Меркі ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2995 болып тіркелген, 2016 жылдың 05 сәуірінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, экология, табиғатты және әкімшілік-аймақтық құрылымды дамыту, жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер мәселері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

шешіміне № 1 қосымша
Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізуге арналған арнайы орындар,
арнайы орындарды пайдалану тәртібі,
олардың шекті толу нормалары,
сондай-ақ материалдық-техникалық және
ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1 1. Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған  арнайы айқындалған орындар:

1 1) жиналыс пен митинг өткізу орыны: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Ұлытау көшесі №21 үй мекен-жайы бойынша орналасқан саябақ.

2 2) Меркі ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты болып: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Ұлытау көшесінен бастап Меркі ауданының қызылша зауытына дейін белгіленсін.

2 2. Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

1 1) аудан әкімдігі бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу кезінде бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін жедел штаб құрады.

Жедел штабтың құрамына жергілікті полиция қызметі, азаматтық қорғау органдары өкілдері, бейбіт жиналысты ұйымдастырушы (бұдан әрі - ұйымдастырушы) кіреді. Жедел штабты аудан әкімдігінің уәкілетті өкілі басқарады;

2

2) ұйымдастырушы бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін қатысушылардың жүріс-тұрыс қағидаларын азаматтар үшін жалпыға қолжетімді жерге орналастырады, қоғамдық тәртіпті сақтауды, қатысушылардың қауіпсіздігін, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін шараларды және төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау тәртібін көздейді;

3 3) ұйымдастырушы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жедел штабты басқару пунктінің, жергілікті полиция қызметінің және жедел жәрдемнің қызметтік автокөлігі, сондай-ақ резерві тұрағының орналасатын жерін айқындайды;

4 4) жергілікті полиция қызметі бейбіт жиналыс басталуынан екі тәулік бұрын қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарын бекітеді.

5 5) Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңындағы көзделген міндеттермен тыйымдарды қатаң сақтауға міндетті.

3 3. Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

а  / в = с;
а – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың аумағы (шаршы метр);
в – бейбіт жиналыстарға қатысатын әрбір азаматқа қарастырылған шекті норма (1,5 шаршы метр);
с - бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы (бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың шекті саны).

4

4. Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды жергілікті полиция әрбір бейбіт жиналысты өткізу кезінде бекітетін қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарына сәйкес анықталады.

17 Бейбіт жиналыстарды, шерулерді және демонстрацияларды өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету

шешіміне № 2 қосымша
Бейбіт жиналыстарды, шерулерді және демонстрацияларды өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық
қамтамасыз ету

п/п
Арнайы орынның атауы
материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
Шекті толу нормалары
1.1.
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Ұлытау көшесі №21 үй мекен-жайы бойынша орналасқан саябақ
Жер учаскесінің көлемі
9200 шаршы метр;
- 24 бағанада 48 лампа орналастырылған;
- электр энергиясын қосу нүктесі;
- бейнебақылау камералары және бейнежазбалар орнатылған;
- 1 тұрақ орыны бар
(2 кіру, 2 шығу).
50
адам
2.2.
Меркі ауданы, Ойтал ауылындағы Ұлытау көшесінен бастап Қант қызылшасы зауытына дейін
Маршруттың ұзындығы 300 метр;
- маршрут бойында көшелер жарықтандырылған;
- бейнебақылау камералары және бейнежазбалар орнатылған.
100
адам

18 Пикеттеуді өткізу тәртібі

шешіміне №3 қосымша
Пикеттеуді өткізу тәртібі
Пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы.
Пикеттеуді:

1 1) жаппай жерлеу орындарында;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4 4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

5 5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда өткізуге тыйым салынады.

Пикеттеу барысында:

1 1) оны тек бір азамат тұрақты түрде, яғни қозғалыссыз жүргізуіне;

2 2) плакаттарды, транспаранттар мен өзге де көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

3 3) бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір жерде, бір уақытта бір объектіде бір күнде екі сағаттан астырмай жүргізілуіне жол беріледі.

Пикеттеу барысында:

1 1) бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір жерде, бір уақытта бір объектіде екі және одан көп пикеттерді өткізуге;

2 2) дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға;

3 3) пикеттеуге тыйым салынған іргелес нысан аумағынан 800 метр қашықтықта пикеттеу жүргізуге жол берілмейді.

Қолданыстағы