О признании утратившими силу некоторых решений Жуалынского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Жуалынского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 67-6
- Қабылданған күні
- 25.06.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 20.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2020 144484_469984.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20GD004670
- ЭКБ идентификаторы
- 144484
- Редакция идентификаторы
- 144484_469984
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:51
0 Жуалы аудандық мәслихатының кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет – ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік - экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 қосымша
Жуалы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1
1. «Жуалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 26-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2159 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірдегі «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» газетінде жарияланған).
2
2. «Жуалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3291 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3
3. «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 34-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4011 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған).