О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 41/04
- Қабылданған күні
- 03.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2020 144499_469879.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20K0005933
- ЭКБ идентификаторы
- 144499
- Редакция идентификаторы
- 144499_469879
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:40
0 Қарағанды облысы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарағанды облысы әкімдігінің осы қаулысының қосымшасына сәйкес кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
0 Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізімі
Қарағанды облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 3 шілдесі
№ 41/04
қаулысына қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізімі
1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы №45/08 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3414 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 7 қазанында, 2015 жылдың 8 қазанында № 139 (21890) «Индустриальная Караганда», 2015 жылдың 8 қазанында № 160-161 (22043) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
2
2. «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуіріндегі № 26/02 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3823 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 8 маусымында, 2016 жылдың 7 маусымында № 71 (22016) «Индустриальная Караганда», 2016 жылдың 7 маусымында № 90 (22195) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
3
3. «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 39/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3902 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 11 тамызында, 2016 жылдың 28 шілдесінде № 97 (22042) «Индустриальная Караганда», 2016 жылдың 28 шілдесінде № 118-119 (22224) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
4
4. «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 83/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4060 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 17 қаңтарында электрондық түрде, 2017 жылдың 10 қаңтарында, №3 (22116) «Индустриальная Караганда», 2017 жылдың 10 қаңтарында №3 (22310) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
5
5. «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №83/05 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4554 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 22 қаңтарында электрондық түрде, 2018 жылдың 20 қаңтарында № 8 (22267) «Индустриальная Караганда», 2018 жылдың 20 қаңтарында № 8 (22460) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
6
6. «Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылдың 23 мамырдағы № 31/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5366 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 5 маусымында электрондық түрде, 2019 жылдың 6 маусымында № 60 (22464) «Индустриальная Караганда», 2019 жылдың 6 маусымында № 60 (22656) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).