Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива в Абайском районе

Ереже · № 49/7-VI · қабылданған 23.06.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144508/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива в Абайском районе Күшін жойған Ереже ·№ 49/7-VI ·23.06.2020
22.08.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива в Абайском районе

Күшін жойған Ереже ·№ 49/7-VI · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива в Абайском районе
Атауы (қаз.)
Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
49/7-VI
Қабылданған күні
23.06.2020
Көрсетілген редакция
22.08.2024 144508_740450.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VE007260
ЭКБ идентификаторы
144508
Редакция идентификаторы
144508_740450
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:57

0 Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5, 9 - тармақтарына сәйкес

1 1. Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

3

4

4. 1) Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қазандағы № 27/7-VI «Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-5-158 болып тіркелген, 2018 жылы 6 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

2

2) Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 46/11-VI «Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қазандағы № 27/7-VI «Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімінің қолданылуын тоқтату тұру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6901 болып тіркелген, 2020 жылы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері

Абай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 23 маусымдағы
№ 49/7-VI шешіміне
қосымша
Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қағида «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – « Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

3

3. Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, екінші деңгейлі банктер арқылы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

4 4. Әлеуметтік қолдау Абай ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

5 5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11,197 (он бір бүтін жүз тоқсан жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Қолданыстағы