Об утверждении Инструкции о подготовке и организации конкурса инвестиционных программ на получение права недропользования Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын дайындау мен ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеге сәйкес және Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын дайындау мен ұйымдастыру тәртібін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын дайындау мен ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын дайындау мен ұйымдастыру тәртібі туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 13 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын дайындау мен ұйымдастыру тәртібі туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің " Мұнай туралы ", " Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы " заң күші бар Жарлықтарына (бұдан әрі - Жер қойнауы туралы Жарлықтар), Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы N  108  (бұдан әрі - Ереже), "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері туралы" 2001 жылғы 25 қаңтардағы N  133 , "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің мәселелері туралы" 2001 жылғы 15 ақпандағы N  232 , "Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік контрактіні бекіту туралы" 2001 жылғы 31 шілдедегі N  1015 , "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын өткізу жөнінде комиссия құру туралы" 2002 жылғы 19 сәуірдегі N  451 , "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 2 тамыздағы N  859  қаулыларына және жер қойнауын пайдалану саласындағы басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын, Барлауға, Өндіруге не болмаса бірлескен Барлау мен Өндіруге арналған құқықты қоса алғанда, алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізудегі Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қызметін егжей-тегжейлейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық кесімдерде көзделген ұғымдар қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Конкурс туралы хабарландыру және конкурсқа қатысуға Өтінімдер мен Конкурстық ұсыныстарды қабылдау
2-тарау. Конкурс туралы хабарландыру және конкурсқа қатысуға Өтінімдер мен Конкурстық ұсыныстарды қабылдау
Тармақ 3
3. Құзыретті орган бұқаралық ақпарат құралдарында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған Инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсын жариялау туралы Хабарламаны жария етеді.
Тармақ 4
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсын жариялау туралы Хабарламаның құрамында кен орны көрсетіледі және жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін ұсыну белгіленіп отырған участоктың (блоктың) қысқаша сипаттамасы болады.
Тармақ 5
5. Хабарламада сол сияқты мыналар анықталады:
Тармақша 1
1) инвестициялық бағдарламалардың конкурсын өткізу уақыты мен орны;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі;
Тармақша 3
3) конкурстың негізгі шарттары;
Тармақша 4
4) Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысу құқығы үшін жарнаның көлемі (төлем сомасының мөлшері және банктің деректемелері);
Тармақша 5
5) геологиялық ақпарат топтамасының құны (төлем сомасының мөлшері және банктің деректемелері);
Тармақша 6
6) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылу бонусының ең төменгі көлемі.
Тармақ 6
6. Хабарламада конкурс өткізу шарттары туралы өзге де ақпараттар көрсетілуі мүмкін.
Тарау 3. 3-тарау. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға арналған өтінімдерге және Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарға қойылатын талаптар
3-тарау. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға арналған өтінімдерге және Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарға қойылатын талаптар Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға арналған өтінімдерге қойылатын талаптар:
Тармақ 7
7. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға арналған өтінімдер (бұдан әрі - Өтінім) Жер қойнауы туралы Жарлықтың  41-3-бабының  және  10-бабының  талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 8
8. Өтінім 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және мынадай деректерді:
Тармақша 1
1) Өтінушінің атауы;
Тармақша 2
2) заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, негізгі қызмет орнының мекен-жайы; жер қойнауын пайдалану объектісінің, Жер қойнауы учаскесінің (Блоктың) атауы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тиесілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);
Тармақша 4
4) заңды тұлғаның басшылары, иегерлері және Өтінушіні білдіретін тұлғалар туралы деректер; жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар;
Тармақша 5
5) өтінушінің техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері.
Тармақ 9
9. Өтінім мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Тармақ 10
10. Өтінімге міндетті түрде мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысу үшін жарна төлегендігі туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) шаруашылық субъектісінің тіркелгендігі туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) Өтінушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктерін растайтын құжаттар.
Тармақ 11
11. Жер қойнауы туралы  Жарлықтың  41-6 баптарында көзделген Өтінушінің конкурсқа қатысуға және (немесе) конкурстық ұсыныста көрсетілген барлау және (немесе) өндіруге қажетті техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктеріне ие екені немесе ие болатыны туралы құжаттамалық куәліктері болжамды мердігермен жасалған жұмысты жүргізу ниеті туралы шарт, сондай-ақ Жер қойнауын барлауға, өндіруге не болмаса бірлескен барлау мен өндіруге арналған құқықты алуға конкурсқа қатысуға және конкурстық ұсыныстарға арналған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2002 жылғы 13 қыркүйектегі N 199  бұйрығымен  бекітілген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген өтініштер әзірлеу туралы Нұсқаулыққа сәйкес нысан бойынша ұсынылатын өзге де құжаттар болып табылады.
Тармақ 12
12. Өтінушінің қаржылық мүмкіндіктері туралы деректер мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
Тармақша 1
1) Өтінушінің бухгалтерлік балансы;
Тармақша 2
2) кірістер мен шығыстар туралы есеп беру;
Тармақша 3
3) салық органдарынан кредиторлық берешектің және бюджетке төлемдер бойынша берешектің бар-жоқтығын растайтын құжаттар;
Тармақша 4
4) Өтінушінің банк алдындағы мерзімі асып кеткен берешегінің бары немесе жоқтығы туралы банктің анықтамасы;
Тармақша 5
5) Өтінушінің соңғы есептік жылғы қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды.
Тармақ 13
13. Өтініммен қоса топтамаға Өтінушінің бірінші басшысы куәландырған құжаттар тізімдемесі салынады.
Тармақ 14
14. Жеңімпаздардың Өтінімдерін қоспағанда, конкурсқа қатысушы Өтінімдер материалдары Құзыретті органда 5 жыл бойы сақталады.
Тармақ 15. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға арналған өтінімдерді беру және қарау
15. Жеңімпаздардың Өтінімдері Құзыретті органда Келісім-шарттың сақталуының барлық мерзімінде сақталады. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға арналған өтінімдерді беру және қарау
Тармақ 16
16. Өтінуші Конкурс туралы хабарламада белгіленген мерзімдерде (бұдан әрі - Өтінім беру кезеңі) Құзыретті органға Өтінімнің түпнұсқасын береді.
Тармақ 17
17. Өтінуші Өтінімді Құзыретті органға почта бойынша не Құзыретті органның кеңсесіне жіберуге құқылы.
Тармақ 18
18. Құзыретті органға Өтінім беру кезеңі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды және конкурсқа қатыстырылмайды.
Тармақ 19
19. Құзыретті органға келіп түскен өтінімдер кеңседе тіркеледі және тіркелген күні Құзыретті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне беріледі.
Тармақ 20
20. Конкурсқа қатысу үшін жарна төлемеген Өтінушінің өтінімдері қарауға қабылданбайды.
Тармақ 21
21. Құзыретті орган жер қойнауы туралы Жарлықтың 41-6-баптарында және Ереженің 13-тармағында көзделінетін негіздер бар кезде Өтінімдерді конкурсқа қатысуға қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 22
22. Құзыретті орган Өтінім түскен күннен бастап бір ай мерзімде Өтінушіні ресми түрде Өтінімдерді Конкурсқа қатысуға қабылдағаны туралы хабардар етеді.
Тарау 4. 4-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарға қойылатын талаптар және оларды беру мен қарау шарттары
4-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарға қойылатын талаптар және оларды беру мен қарау шарттары Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарға қойылатын талаптар
Тармақ 23
23. Өтінуші Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсынысты (бұдан әрі - Конкурстық ұсыныс) Құзыретті орган Өтінушіге хабарламада белгілеген мерзімдерде конкурстық ұсыныстарды жасау үшін қажетті геологиялық ақпаратты сатып алғаннан кейін береді.
Тармақ 24
24. Конкурстық ұсыныстар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.
Тармақ 25
25. Барлауға арналған конкурстық ұсыныс міндетті түрде:
Тармақша 1
1) Өтінушінің соңғы 5 жыл ішіндегі өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, жүзеге асырған қызметі туралы ақпаратты;
Тармақша 2
2) Өтінушінің жұмыс бағдарламасын және оларды жүзеге асыруға кеткен шығындарын қоса алғанда, жұмыстарды жүргізу шарттары туралы ниеттерін;
Тармақша 3
3) Өтінушінің, келісім-шарттық аумақтағы жерді шұрайландыру және қалпына келтіруді қоса алғанда, қоршаған ортаға қатысты ниеттерін;
Тармақша 4
4) жұмыстарды қаржыландыру көздерін (жеке немесе қарыздық қаржыларын);
Тармақша 5
5) геологиялық ақпаратты сатып алу шарттарын;
Тармақша 6
6) Өтінушінің Жер қойнауын пайдалану құқығын іске асыруда Ұлттық компаниялармен үлестік ынтымақтастығы туралы ниеттерін қамтуы тиіс.
Тармақ 26
26. Өндіруге арналған конкурстық ұсыныс міндетті түрде осы Нұсқаулықтың 25-тармағының 1)-6)-тармақшаларында көзделінген ақпаратты, сондай-ақ мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
Тармақша 1
1) Өтінуші өндіруді болжап отырған, пайдалы қазбалар көлемін қамтитын кен орындарын әзірлеу жоспарын;
Тармақша 2
2) өндіруді бастаудың күтілетін мерзімдері және оның экономикалық және техникалық мүмкін деңгейіне қол жеткізуі;
Тармақша 3
3) Өндіруге байланысты шығыстар мен пайдалы қазбаларды сатудан түсетін кірістер бойынша болжамдар есебі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының бюджетіне болжанып отырған ақшалай түсімдердің және келісім-шарттық аумақтың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға күрделі қаржы салымдары.
Тармақ 27
27. Бірлескен Барлау мен Өндіруге арналған Конкурстық ұсыныстар осы Нұсқаулықтың 25 және 26-тармақтарында көзделген ақпаратты қамтуы тиіс.
Тармақ 28
28. Конкурстық ұсыныс өтінуші Ереженің конкурс өткізу тәртібіне және өтінушінің міндеттемелеріне қатысты шарттарымен танысқаны туралы жазбаша нұсқауды қамтуы тиіс.
Тармақ 29. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды беру және тіркеу
29. Конкурстық ұсыныстар пакетіне жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның бірінші басшысының қол қоюымен расталған құжаттар тізімдемесі қоса салынады. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды беру және тіркеу
Тармақ 30
30. Өтінуші Құзыретті орган белгілеген мерзімдерде Құзыретті органға осы Нұсқаулықтың 24-29 және 31-37-тармақтарында айтылған талаптарға сәйкес ресімделген Конкурстық ұсынысты береді.
Тармақ 31
31. Өтінуші Конкурсқа Конкурстық ұсыныстың түпнұсқасы мен нотариалдық расталған көшірмелерін береді.
Тармақ 32
32. Өтінушіні берілуі қажет Конкурстық ұсыныс беру қажеттілігі туралы хабарландыру кезінде Конкурстық ұсыныс көшірмелерінің санын Құзыретті орган белгілейді. Өтінім түпнұсқасының мәтіндері мен барлық көшірмелерінің бірдейлігі үшін Өтінуші жауапкершілік арқалайды.
Тармақ 33
33. Конкурстық ұсыныстың түпнұсқасы "Түпнұсқа" деген жазуы бар жеке желімделген пакетте беріледі. Конкурстық ұсыныстың көшірмелері "Көшірме" деген жазуы бар жеке желімделген пакетте беріледі.
Тармақ 34
34. Конкурстық ұсыныстың түпнұсқасы мен көшірмесі салынған пакеттерге Өтінуші пакетке салынған құжаттардың тізімдемесін қоса салады.
Тармақ 35
35. Өтінуші Конкурстық ұсынысты Құзыретті органға пошта арқылы жолдауға немесе тікелей Құзыретті органның кеңсесіне ұсынуға құқылы.
Тармақ 36
36. Пакетте міндетті түрде:
Тармақша 1
1) Конкурстың атауы;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдалану объектісінің атауы;
Тармақша 3
3) жер қойнауын пайдалану түрінің атауы;
Тармақша 4
4) Өтінушінің атауы мен деректемелері;
Тармақша 5
5) "Ашпаңыз. Конкурс комиссиясының қарауы үшін" деген жазуы бар ақпараттар көрсетілуі тиіс.
Тармақ 37
37. Конкурстық ұсыныстың түпнұсқасы мен көшірмелері салынған пакеттер өтінушінің қолымен расталуы, ал заңды тұлғалар үшін сондай-ақ Өтінушінің ресми мөрімен расталған болуы тиіс.
Тармақ 38
38. Конкурстық ұсыныстар Құзыретті органның кеңсесінде пакеттің бетіне тіркеу күнін және нөмірін көрсетумен мөртабан қойыла отырып, пакет ашылмаған күйі тіркеледі.
Тармақ 39
39. Құзыретті орган белгілеген мерзім аяқталғаннан кейін Құзыретті органның кеңсесіне келіп түскен Конкурстық ұсыныстар қарауға қабылданбайды.
Тармақ 40
40. Құзыретті органның кеңсесі тіркелген пакеттерді ашпастан, Құзыретті органның тиісті Құрылымдық бөлімшелеріне табыс етеді.
Тармақ 41
41. Құзыретті органның Құрылымдық бөлімшесі Конкурстық ұсыныстарды алған күні тіркеу журналына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркейді. Журналда Конкурстық ұсыныс салынған пакеттерде келтірілген мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 42
42. Құзыретті органның Құрылымдық бөлімшесі Конкурстық ұсыныстары бар тіркелген пакеттер мен тіркеу журналын Конкурстық комиссияның жауапты Хатшысына (бұдан әрі - Хатшы) оларды Конкурстық комиссияның қарауына дейін жауапты сақтауға табыс етеді.
Тармақ 43
43. Комиссияның отырысынан кейін жеңімпаздың конкурстық ұсынысын қоспағанда, Конкурстық ұсыныстардың Түпнұсқасы мен Конкурстық ұсыныстардың нотариалды расталған бір данасы Құзыретті органда 5 жыл бойы сақтауда болады.
Тармақ 44
44. Жеңімпаздардың конкурстық ұсыныстарының түпнұсқалары Келісім-шарттың барлық сақталу мерзімінде Өтініммен бірге сақталады.
Тарау 8. 8-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған жабық конкурс өткізуді ұйымдастыру
8-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған жабық конкурс өткізуді ұйымдастыру
Тармақ 45
45. Инвестициялық бағдарламалардың жабық конкурсына шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің (блоктарының) тізбесі заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Тармақ 46
46. Жабық конкурсты өткізу шарттары барлық әлеуетті қатысушыларға жеткізіледі.
Тармақ 47
47. Жабық конкурсқа қатысушылардың өтінімдері мен конкурстық ұсыныстарын қабылдау, тіркеу және ресімдеу ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен конкурстық ұсыныстарға ұқсас жүзеге асырылады.
Тармақ 48
48. Өтінімдерді қарау мен баға беру, конкурстық ұсыныстарды қарау және жабық конкурстың әрі қарайғы конкурстық рәсімдері ашық конкурстың рәсімдеріне ұқсас.
Басқа 1. Жазылым бонусының ең аз мөлшері, АҚШ долларымен
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 13 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын дайындау мен ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулыққа 1-қосымша Жазылым бонусының ең аз мөлшері, АҚШ долларымен ___________________________________________________________________ Келісім-шарт түрі    | Көмірсутектік |Қатты пайдалы | Жер асты |   шикізат     |  қазбалар    | сулары ___________________________________________________________________ Барлау Бірлескен Барлау мен Өндіру Өндіру ___________________________________________________________________
Басқа 2. Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға Өтінім
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 13 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын дайындау мен ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулыққа 2-қосымша Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға Өтінім ___________________________________________________________________ Өтінуші туралы мәлімет ___________________________________________________________________
Тармақ 1
1. Өтінушінің  атауы -                     |
Тармақ 2
2. Өтінушінің  мекен-жайы -                |
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тиесілігі (заңды тұлғалар   |
Тармақша үшін
үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін) -|
Тармақ 4
4. Заңды тұлғалардың басшылары немесе      | иегерлері және өтінушіні білдіретін     | тұлғалар туралы деректер                | ___________________________________________________________________ Бірінші басшы___________________              М.О. (қолы, күні )
Басқа 3. Құзыретті органға келіп түскен конкурстық ұсыныстарды тіркеу журналы
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 13 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын дайындау мен ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулыққа 3-қосымша Құзыретті органға келіп түскен конкурстық ұсыныстарды тіркеу журналы ___________________________________________________________________ Р/с |Өтінушінің атауы | Кен орынының, жер  | Кеңсеге келіп түскен N  |                 |қойнауы Учаскесінің |  күні және тіркеу N |  (блоктың) атауы   | ___________________________________________________________________ 1          2                   3                     4 ___________________________________________________________________