Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельный участок
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 988
- Қабылданған күні
- 01.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2020 144517_470666.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NA009306
- ЭКБ идентификаторы
- 144517
- Редакция идентификаторы
- 144517_470666
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:45
0 Жер учаскесіне қауымдық
сервитут белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «Қостанай қаласында қажетті инфрақұрылымды өткізе отырып, индустриялық аймақты құру. 220 киловольт сыртқы электрмен жабдықтау желілері» жобасы бойынша инженерлік коммуникациялар салу» объектісі бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында, Қостанай қаласы мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 2,5997 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.