Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выписки счетов-фактур экспедиторами на перевозку грузов, осуществляемых в рамках договора транспортной экспедиции

Бұйрық · № 18 · қабылданған 23.01.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-14452/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил выписки счетов-фактур экспедиторами на перевозку грузов, осуществляемых в рамках договора транспортной экспедиции Күшін жойған Бұйрық ·№ 18 ·23.01.2003
09.01.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выписки счетов-фактур экспедиторами на перевозку грузов, осуществляемых в рамках договора транспортной экспедиции

Күшін жойған Бұйрық ·№ 18 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выписки счетов-фактур экспедиторами на перевозку грузов, осуществляемых в рамках договора транспортной экспедиции
Атауы (қаз.)
Көлік эспедициясы шартының шегінде жүзеге асырылатын жүк тасымалына экспедиторлардың шот-фактураларды беру Ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18
Қабылданған күні
23.01.2003
Көрсетілген редакция
09.01.2009 AI14452_2.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002152_
ЭКБ идентификаторы
14452
Редакция идентификаторы
AI14452_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:31

0 Көлік эспедициясы шартының шегінде жүзеге асырылатын жүк тасымалына экспедиторлардың шот-фактураларды беру Ережелерін бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 242-бабының 5-2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Көлік экспедициясы шартының шегінде жүзеге асырылатын жүк тасымалына экспедиторлардың шот-фактураларды беру Ережелері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (М.В. Бачурина) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Көлік экспедициясы шартының шегінде жүзеге асырылатын жүк тасымалына экспедиторлардың шот-фактураларды беру Ережелері

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Салық комитеті
Төрағасының
2003 жылғы 23 қаңтардағы
N 18 бұйрығымен
бекітілген
Көлік экспедициясы шартының шегінде жүзеге асырылатын жүк тасымалына экспедиторлардың шот-фактураларды беру Ережелері
Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 242-бабының 5-2-тармағына сәйкес әзірленген және көлік экспедициясы шартының шегінде жүзеге асырылатын жүк тасымалына экспедиторлардың шот-фактураларының көшірмелерін беру тәртібін айқындайды.

1 1. Шот-фактураларды беруді экспедитор Салық кодексінің 242-бабының 3 және 4 тармақтарында белгіленген талаптар сақталған кезде жүзеге асырады.

2 2. Шот-фактураны экспедитор мен жөнелтуші немесе жүкті алушының арасында жасалған көлік экспедициясы шарты шегінде, тасымалдаушылар және жұмыстар мен қызмет көрсетулердің өзге де жеткізушілері ұсынған шот-фактуралардың негізінде экспедитор жазып береді.

Егер көрсетілген тасымалдаушы (жеткізуші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, экспедитор шот-фактураны жұмыстар, қызмет көрсетулердің құнын растайтын құжаттар негізінде де береді.

3 3. Экспедитор беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері көлік экспедициясы шартының шегінде тасымалдаушы және басқа да жеткізушілер орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызмет көрсетулердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.

Шот-фактурада қосылған құн салығын төлеуші - тасымалдаушылар (жеткізушілер) жүзеге асыратын жұмыстар, қызмет көрсетулердің құнын өзіне қамтитын салық салынатын айналым да, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын - тасымалдаушылар (жеткізушілер) жүзеге асыратын жұмыстар, қызмет көрсетулердің құнын өзіне қамтитын салық салынбайтын айналым да көрсетіледі.

4 4. Шот-фактура екі данада жасалады.

Шот-фактураның бірінші данасы жөнелтушіге немесе жүкті алушыға беріледі.
Шот-фактураның көлік экспедициясы шартының шегінде көрсетілетін жұмыстар, қызмет көрсетулерді тасымалдаушылар мен жеткізушілер, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашатын құжат қоса берілетін екінші данасы экспедиторда қалады.
Шот-фактураға қоса берілген құжатта мынадай ақпараттық деректер көрсетілуі тиіс:
шот-фактураның реттік нөмірі мен толтырылған күніне сілтеме;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
тасымалдаушы мен жеткізушінің аты-жөні немесе атауы;
егер жеткізушілер немесе тасымалдаушылар қосылған құн салығын төлеушілер болған жағдайда - оларды қосылған құн салығы бойынша тіркеуге қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі;
шот-фактурада көрсетілген салық салынатын айналым мөлшеріне қосылатын, тасымалдаушылар мен жеткізушілер жүзеге асыратын жұмыстар, қызмет көрсетулердің құны. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар немесе жеткізушілер жүзеге асыратын жұмыстар, қызмет көрсетулердің құны жеке көрсетіледі.

5 5. Осы Ережелерге сәйкес берілген шот-фактуралар, жүкті жіберушілер немесе алушылардың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.

Қолданыстағы