Об утверждении Правил организации скрининга психофизических нарушений у детей раннего возраста
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил организации скрининга психофизических нарушений у детей раннего возраста
- Атауы (қаз.)
- Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 83
- Қабылданған күні
- 29.01.2003
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2016 AI14454_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V030002159_
- ЭКБ идентификаторы
- 14454
- Редакция идентификаторы
- AI14454_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:30
0 Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 15.07.2016 № 619 бұйрығымен.
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру туралы ереже бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық ғылым және білім департаментінің директоры (Хамзина Н.Қ.) медициналық колледждердің бағдарламасына "Бүлдіршін жастағы психикалық-дене бұзылыстарын скринингті диагностикалау әдістері" курсын енгізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3
3. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары әйелдерді босандыру мекемелерінің, балалар емханаларының, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің медицина қызметкерлерін бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене дамуы бұзылыстарының скринингі әдістеріне оқыту жөніндегі шараларды көздесін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі жөніндегі департаментінің директоры Х.Ә.Сағынға жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене дамуының бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
"Бүлдіршін жастағы балаларда
психикалық-дене бұзылыстары
скринингін ұйымдастыру
ережесін бекіту туралы"
2003 жылғы 29 қаңтардағы
N 83 бұйрығымен
бекітілген
Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене дамуының бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Психикалық-дене дамуы скринингі психикалық-дене дамуында кенжелеп қалу қатері бар балаларды анықтауға және оларға түзету-дамыту көмегін көрсету үшін оларды психикалық-медициналық-педагогикалық консультацияға (бұдан әрі - ПМПК) жіберу мақсатында 3 жасқа дейінгі бала тұрғындарды стандартты жаппай тексеру болып табылады.
2 2. Скринингті әйелдерді босандыру мекемелерінің, балалар емханалары мен бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің медицина қызметкерлері жүргізеді.
2 2. Скринингтің негізгі міндеттері
3 3. Скринингтің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1 1) сәби және бүлдіршін жастағы балаларды жаппай скринингті тексеруді жүргізу;
2 2) психикалық-дене дамуында кенжелеп қалу қатері бар балаларды анықтау;
3 3) психикалық-дене дамуында кенжелеп қалу қатері бар балаларды тереңірек тексеру мен түзете-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін ПМПК-ға жіберу;
4 4) психикалық-дене дамуының бұзылу қатері бар балаларды тереңірек тексеру және емдік көмек көрсету үшін аясы тар мамандарға жіберу;
5 5) ата-аналарына баланы күту және психикалық дамыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
6 6) халықтың арасында скрининг өткізу және дамуында кенжелеп қалу қатері бар балаларға түзету-дамыту көмегін уақытылы көрсету қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
7 7) тексерілген балаларды есепке алу, түзету-дамыту көмегіне мұқтаж балаларды анықтау бойынша ПМПК-мен бірлескен жұмыс жүргізу.
3 3. Скринингті өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және оның мазмұны
4 4. Психикалық-дене даму скринингі үш кезеңде жүзеге асырылатын бес скринингті тексеруді жүргізуден тұрады.
5 5. Тексерудің бірінші кезеңі есту қабілеті скринингін қоса алғанда, "Жаңа туған нәрестелерде психосоматикалық дамуындағы ауытқуларды болжау" деген бірінші скринингті (1-скрининг) өткізуден тұрады. Бұл тексеруді перзентханаларда (бөлімшелерде) дәрігер-неонатолог жүргізеді.
6 6. Тексерудің екінші кезеңі "Жүйке-психикалық дамуы бұзылыстарының болжамды скринингі" деген екінші скринингті (2-скрининг) өткізуден тұрады. Бұл тексеруді балаға үйде бастапқы патронаж жасаған кезде БМСК мекемесінің учаскелік медицина қызметкері жүзеге асырады.
7
7. Тексерудің үшінші кезеңі "Бүлдіршін жастағы балаларды скринингті аттестациялау" деген үшінші (3-скрининг), "Балаларда көру қабілеті функциясын бағалау" деген төртінші (4-скрининг) және "Балаларда есту қабілеті функциясын бағалау" деген бесінші скринингтерден (5-скрининг) тұрады. Бұл тексеру БМСК мекемесінде дені сау бала кабинеті жағдайларында жүргізіледі.
8 8. Психикалық-дене дамуы скринингіне басшылық етуді және бақылауды БМСК мекемелерінің басшылары жүзеге асырады.
4 4. Психикалық-дене бұзылыстары скринингін жүргізудің тәртібі
9
9. Перзентханаларда барлық жаңа туған нәрестелерді дәрігер-неонатолог 1-скринингтің көмегімен тексереді. 5 және одан астам даму шағын аномалиясы болған кезде балаға көрсетімдері бойынша арнаулы мамандардың консультациясы беріледі, анасына тамақтандыру және күту туралы кеңес беріледі . Өткізілген скринингтің нәтижесі перзентханадан шығару қағазында көрсетілуге тиіс. Есту қабілетінің бұзылу қатері болған кезде бала сурдолог маманға жіберіледі.
📌 Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.07.24. N 379 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
10 10. Учаскелік медицина қызметкері балаға үйде бастапқы патронаж жасаған кезде 2-скринингке сәйкес балаларды тексеруді жүргізеді (бала өмір сүруінің алғашқы екі айынан кешіктірмей). Өткізілген скринингтің нәтижесі болжамды кесте түрінде "Баланың даму тарихы" N 112 нысанында көрсетіледі.
11 11. БМСК ұйымы дені сау бала кабинетінің медицина қызметкері 2-скринингтің нәтижесімен таныса отырып, төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:
1 1) 3-скринингке сәйкес (9-23 балл жүйке-психикалық дамуының бұзылу қатері болған кезде) баланы тексереді;
2 2) баланы ПМПК-ға (23-баллдан астам қатер болған кезде) жібереді.
12
12. 3-скринингті өткізудің нәтижесі бойынша психикалық-дене дамуында кенжелеп қалу қатері бар балалар анықталған кезде медицина қызметкері оларды ПМПК-ға жібереді. (3-скрининг 3 айда, 6 айда, 9 айда, 1 жаста, 1 жас 6 айда, 2 жаста, 2 жас 6 айда және 3 жаста алдындағы тексерудің нәтижесіне қарамастан жүзеге асырылады).
13 13. БМСК ұйымының медицина қызметкері тиісті 4 және 5-скринингтерге сәйкес балаларда көру және есту қабілеті функцияларын бағалауды жүзеге асырады.
14 14. 4 және 5-скринингті өткізудің нәтижесінде көру немесе есту қабілеттерінің бұзылу қатері бар балалар анықталған кезде медицина қызметкері балаларды офтальмологқа немесе сурдологқа жібереді.
15 15. Осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес БМСК ұйымының медицина қызметкері және аумақтық ПМПК-ға ай сайын скрининг кезінде анықталған балалар арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы ақпаратты береді.
📌 Ескерту. 15-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.07.24. N 379 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
16 16. БМСК ұйымының медицина қызметкері мен аумақтық ПМПК қызметкері тоқсан сайын ПМПК-ға жолданған балалар туралы мәліметтерді салыстыруды жүргізеді.
📌 Ескерту. 16-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.07.24. N 379 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
17 17. Осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес БМСК ұйымының медицина қызметкері психикалық-дене бұзылыстары скринингімен қамтылған және аумақтық ПМПК-ға жіберілген бүлдіршін жастағы балалар туралы жинақталған мәліметті береді.
📌 Ескерту. 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.07.24. N 379 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
37 Скрининг кезінде анықталған балалар арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы ақпарат
Бүлдіршін жастағы балаларда
психикалық-дене бұзылыстары
скринингін ұйымдастыру ережесіне
1-қосымша
Скрининг кезінде анықталған балалар арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы ақпарат
📌 Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.07.24. N 379 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
N
Баланың Т.А.Ә
Жасы
Мекен жайы
Диагнозы
Жолданған күні
Психикалық-медициналық-педагогикалық консультацияда қаралған күні
38 Психикалық-дене бұзылыстары скринингімен қамтылған және аумақтық ПМПК-ға жіберілген бүлдіршін жастағы балалар туралы жинақталған мәлімет 2009 жылғы _______ - ________ кезең аралығында
Бүлдіршін жастағы балаларда
психикалық-дене бұзылыстары
скринингін ұйымдастыру ережесіне
2-қосымша
Психикалық-дене бұзылыстары скринингімен қамтылған және аумақтық ПМПК-ға жіберілген бүлдіршін жастағы балалар туралы жинақталған мәлімет 2009 жылғы _______ - ________ кезең аралығында
📌 Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.07.24. N 379 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
Контингент
Тексерілуі қажет
Тексерілді
Тексерілген кезде анықталды
өткірлік төмендігі
Сөйлесу кемістігі
сколиоз
мүсін бұзылуы
нерв-психикалық бұзылуы
Есту қабілеті
Көру қабілеті
1
2
3
4
5
6
7
8
9
3 жасқа дейінгі балалар барлығы
Психикалық-дене бұзылыстары бар балалардың ПМПК-ға жіберілген саны, барлығы _________