О некоторых вопросах проведения мирных собраний в Тупкараганском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах проведения мирных собраний в Тупкараганском районе
- Атауы (қаз.)
- Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 45/338
- Қабылданған күні
- 26.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2022 144555_592049.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20MF004253
- ЭКБ идентификаторы
- 144555
- Редакция идентификаторы
- 144555_592049
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:49
0 Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1 1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын айқындалсын.
2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жинаслыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
3 3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
4
4. Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі №4/35 «Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3129 болып тіркелген, 2016 жылы 19 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5 5. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас маман-заңгер Нәдірқожақызы Ә.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А. Берішбаева) жүктелсін.
7 7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Түпқараған аудандық мәслихатының
2020 жылғы 26 маусымдағы
№ 45/338 шешіміне
1-қосымша
Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1 1. Форт-Шевченко қаласындағы, Бейменбет Маяұлы көшесінде орналасқан алаң.
2 2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Форт-Шевченко қаласы, Ораз Бозахаров және Байбоз Қилыбайұлы көшелерінің қиылысынан Бейменбет Маяұлы көшесі бойынша орналасқан алаңға дейін.
3 3. Баутин ауылы, Қашаған Күржіманұлы көшесінде орналасқан алаң.
4 4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Баутин ауылы, Захар Дубский көшесінің басынан Қашаған Күржіманұлы көшесінің қиылысына дейін.
5 5. Қызылөзен ауылы әкімінің аппаратының «Қызылөзен мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң. Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисенбаев көшесі, №2ғимарат.
6 6. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Қызылөзен ауылы, Ізтұрған Нысанбаев көшесінің басынан Сатыбалды Сисенбаев көшесінің қиылысына дейін.
7 7. Таушық ауылы әкімінің аппаратының «Таушық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты жанында орналасқан алаң. Таушық ауылы, Тұрар Жолдыбаев көшесі, №41 ғимарат.
8 8. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Таушық ауылы, Құлшық Жұбайұлы көшесінің басынан Тұрар Жолдыбаев көшесінің қиылысына дейін.
9 9. Ақшұқыр ауылы әкімінің аппаратының «Ақшұқыр мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң. Ақшұқыр ауылы, Баланжан Қожашев көшесі, №5/1 ғимарат.
10 10. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ақшұқыр ауылы, Әлқуат Қожабергенов көшесінің басынан Баланжан Қожашев көшесінің қиылысына дейін.
11 11. «Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында орналасқан алаң, Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесі, №134 ғимарат.
12 12. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесінің басынан Мақаш Елубаев көшесінің қиылысына дейін.
21 Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Түпқараған аудандық мәслихатының
2020 жылғы 26 маусымдағы
№ 45/338 шешіміне
2-қосымша
Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1
1. Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
3
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4 4. Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1 1) Форт-Шевченко қаласындағы, Бейменбет Маяұлы көшесінде орналасқан алаң, шекті толу нормасы -100 адам;
2 2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Форт-Шевченко қаласы, Ораз Бозахаров және Байбоз Қилыбайұлы көшелерінің қиылысынан Бейменбет Маяұлы көшесі бойынша орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы -100 адам;
3 3) Баутин ауылы, Қашаған Күржіманұлы көшесінде орналасқан алаң, шекті толу нормасы -50 адам;
4 4) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Баутин ауылы, Захар Дубский көшесінің басынан Қашаған Күржіманұлы көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы -50 адам;
5 5) Қызылөзен ауылы әкімінің аппаратының «Қызылөзен мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң. Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисенбаев көшесі, №2 ғимарат , шекті толу нормасы -40 адам;
6 6) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Қызылөзен ауылы, Ізтұрған Нысанбаев көшесінің басынан Сатыбалды Сисенбаев көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы -40 адам;
7 7) Таушық ауылы әкімінің аппаратының «Таушық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң.Таушық ауылы,Тұрар Жолдыбаев көшесі, №41 ғимарат, шекті толу нормасы -100 адам;
8 8) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Таушық ауылы, Құлшық Жұбайұлы көшесінің басынан Тұрар Жолдыбаев көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы -100 адам;
9 9) Ақшұқыр ауылы әкімінің аппаратының «Ақшұқыр мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң. Ақшұқыр ауылы, Балажан Қожашев көшесі, №5/1 ғимарат, шекті толу нормасы-100 адам;
10 10) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ақшұқыр ауылы, Әлқуат Қожабергенов көшесінің басынан Баланжан Қожашев көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы-100 адам;
11 11) «Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесі, №134 ғимарат, шекті толу нормасы -50 адам;
12 12) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесінің басынан Мақаш Елубаев көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы- 50 адам.
5 5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7 7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
8 8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9 9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Түпқараған ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
43 Түпқараған ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Түпқараған аудандық мәслихатының
2020 жылғы 26 маусымдағы
№ 45/338 шешіміне
3-қосымша
Түпқараған ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Түпқараған ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді: