Құжат мәтініне өту

Об утверждении описаний знамени и символа органов финансовой полиции Республики Казахстан

Жарлық · № 1020 · қабылданған 10.02.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-14459/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении описаний знамени и символа органов финансовой полиции Республики Казахстан Күшін жойған Жарлық ·№ 1020 ·10.02.2003
29.08.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении описаний знамени и символа органов финансовой полиции Республики Казахстан

Күшін жойған Жарлық ·№ 1020 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении описаний знамени и символа органов финансовой полиции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы мен нышанының сипаттамаларын бекіту туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1020
Қабылданған күні
10.02.2003
Көрсетілген редакция
29.08.2014 AI14459_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U030001020_
ЭКБ идентификаторы
14459
Редакция идентификаторы
AI14459_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:28

0 Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы мен нышанының сипаттамаларын бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен.
"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туының;

2 2) Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары нышанының сипаттамалары бекітілсін.

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

5 Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туының сипаттамасы

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 10 ақпандағы
N 1020 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туының сипаттамасы
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы қара-көгілдір түсті тікбұрышты мата болып табылады.
Тудың ортасында қаржы полициясы органдары нышанының бейнесі орналасқан.
Тудың шеті алтын-сары түсті шашақпен көмкеріліп, диаметрі 32 мм және ұзындығы 2 м сапқа бекітілген. Саптың ұштығы найза нысанында жасалған, оған екі шашағы бар алтын-сары түсті өрілген бау бекітілген. Ұштықтың биіктігі 26 см, ені 11 см. Баудың ұзындығы 1,3 м, шашақтардың ұзындығы 20 см. Тудың енінің ұзындығына арақатысы 1:2.
Тудың жекелеген элементтерінің дәлме-дәл арақатысы қоса беріліп отырған графикалық бейнеде берілген.

6 Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы (қағаз мәтінін қараңыз)

Қазақстан Республикасының
қаржы полициясы органдары
туының сипаттамасына
қосымша
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы (қағаз мәтінін қараңыз)

7 Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары нышанының сипаттамасы

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 10 ақпандағы
N 1020 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары нышанының сипаттамасы
Қаржы полициясы органдары нышанының қырлары алтын-сары және ашық-қоңыр түстерге боялған сегіз қырлы жұлдыздың бейнесін білдіреді. Жұлдыздың ортасында секіруге дайын алтын түсті барыс бейнесі салынған көгілдір түсті дөңгелек қалқан бар. Дөңгелектің бойында мемлекеттің мүдделерін барлық жағынан қорғауды білдіретін алтын түсті 8 нүкте орналасқан.
Қалқанның сыртынан жағалай қызыл лента орналасқан. Лентада: төменгі жағынан "ҚАЗАҚСТАН", сол жағынан "ҚАРЖЫ", оң жағынан "ПОЛИЦИЯСЫ" деген алтын түсті жазулар орналасқан.
Нышанның жекелеген элементтерінің дәлме-дәл арақатысы қоса беріліп отырған графикалық бейнеде берілген.
Нышанның көгілдір және алтын түстері Халықаралық атластың PANTONE түстерінің 3125 С және 810 С нөмірлеріне сәйкес.

8 Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының нышаны (қағаз мәтінін қараңыз)

Қазақстан Республикасының
қаржы полициясы органдары
туының сипаттамасына
қосымша
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының нышаны (қағаз мәтінін қараңыз)

Қолданыстағы