Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в Регламент Конституционного Совета Республики Казахстан

Қаулы · № 3 · қабылданған 15.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144619/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнений в Регламент Конституционного Совета Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 3 ·15.04.2020
15.04.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в Регламент Конституционного Совета Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 3 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в Регламент Конституционного Совета Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Регламентіне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
15.04.2020
Көрсетілген редакция
15.04.2020 144619_470674.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
S2000000003
ЭКБ идентификаторы
144619
Редакция идентификаторы
144619_470674
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:58

0 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің

Регламентіне толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентінің 34-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентіне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1 1) мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

«20-1. Конституциялық іс жүргізу толық немесе ішінара электрондық форматта жүзеге асырылуы мүмкін, бұл туралы қаулы шығарылады.
Мұндай формат кезінде Конституциялық Кеңестің және оның лауазымды адамдарының, конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың актілері мен әрекеттері электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделуі мүмкін. Бұл жағдайда ақпараттық технологиялар мен жүйелер қолданылып, электрондық іс қалыптастырылады.
Конституциялық Кеңестің бастамасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысушылар, олардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, мамандар, аудармашылар және өзге де адамдар техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы Кеңес отырысына қатыса алады.
Конституциялық іс жүргізу барысында техникалық құралдар мен ақпараттық сервистерді қолдану тәртібін Конституциялық заңның, осы Регламенттің және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Конституциялық Кеңестің Аппараты айқындайды.»;

2 2) мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

«31-1. Конституциялық Кеңес мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың және өзге де тұлғалардың назарын конституциялық іс жүргізу барысында анықталған заңнаманың бұзылуы фактілеріне, құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен және тиісті шаралар қабылдауды талап ететін себептер мен жағдайларға, Кеңестің заңды талаптарын тиісінше орындамауға, сондай-ақ өтінішті жан-жақты әрі сапалы қарауға және конституциялық заңдылық режимін нығайтуға көмектескен тұлғалардың азаматтық немесе қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен жоғары санасы мен кәсібилігіне аударатын қаулы қабылдауға құқылы.».

2 2. Нормативтік қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы