Құжат мәтініне өту

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Талдыкорган

Өзге акт · № 400 · қабылданған 25.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144624/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Талдыкорган Қолданыста Өзге акт ·№ 400 ·25.06.2020
12.02.2024 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Талдыкорган

Қолданыста Өзге акт ·№ 400 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Талдыкорган
Атауы (қаз.)
Талдықорған қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
400
Қабылданған күні
25.06.2020
Көрсетілген редакция
12.02.2024 I144624_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20DA005558
ЭКБ идентификаторы
144624
Редакция идентификаторы
I144624_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:51

0

Талдықорған қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және де материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

2 2) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 800 метр арақашықтықта айқындалсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Талдықорған қалалық мәслихатының

2020 жылғы «25» маусымдағы
шешіміне 1-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар,
олардың шекті толу нормалары және материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Елді мекен
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Шекті толу нормалары
Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1
Талдықорған қаласы
«Ардагерлер» саябағы, Балпық би және Құрманов көшелерінің қиылысы
200 адам
Жалпы аумағы – 13,16 га;
- жарықтандыру;
- электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
-бейнебақылау камерасымен және бейнетүсірілім қондырғысымен қамтамасыз ету.
2
Талдықорған қаласы
«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу» футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының алдындағы алаң, Қабанбай батыр көшесі, 90/1
150 адам
Жалпы аумағы – 1317 ш. м.;
-жарықтандыру;
-электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
-бейнебақылау камерасымен және бейнетүсірілім қондырғысымен қамтамасыз ету.
3
Талдықорған қаласы
«Жеңіс» саябағы, Н.Назарбаев даңғылы бойындағы Қабанбай батыр ескерткішінің жанында
200 адам
Жалпы аумағы – 11 га;
-жарықтандыру;
-электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
-бейнебақылау камерасымен және бейнетүсірілім қондырғысымен қамтамасыз ету.
4
Талдықорған қаласы
Шеру мен демонстрация маршруты - Н.Назарбаев даңғылы бойындағы «Медициналық колледж» қоғамдық көлік аялдамасынан Рүстембеков көшесіне дейін, әрі қарай Рүстембеков көшесімен «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу» футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының алдындағы алаңға дейін
250 адам
Маршруттың ұзындығы - 2 км 07 м.
-маршрут бойындағы көшенің жарығы бар;
-бейнебақылау камерасымен және бейнетүсірілім қондырғысымен қамтамасыз ету.

8 Талдықорған қалалық мәслихатының

2020 жылғы «25» маусымдағы
шешіміне 2-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
тәртібі
Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі Заңның 8-бабына сәйкес әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар - Талдықорған қаласының жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар немесе жүру маршруты.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.
Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.
Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы», «Соғыс жағдайы туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушы және қатысушылар Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын сақтау қажет.

Қолданыстағы