Порядок организации и финансирования общественных работ и профессиональной подготовки, повышения квалификации и переподготовки безработных Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртіптері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру шаралары туралы" қаулысын орындау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар бекітілсін:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі (№ 1 қосымша);
Тармақша 2
2) жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі (№ 2 қосымша).
Тармақ 2
2. Атырау қаласы мен аудан әкімдері ұйымдардың тізбелерін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты шарттарын бекітсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы жұмыспен қамту бағдарламасын жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық әкімияттың 2002 жылғы 21 ақпандағы № 103 "2002 жылға арналған Атырау облысы халқын жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасын қаржыландыру туралы қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау В.Супрунға - облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
Басқа 8
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 6 қаңтардағы № 6 қаулысына № 1 қосымша Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру және тәртібі Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындауда әзiрлендi.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен азаматтар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.
Тармақ 2
2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесiмдерi қолданылады.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органдар аймақтық қажеттілігін ескере отырып, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты анықтайды. қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi атқарушы орган ұйымдастырады және жергілікті бюджеттер қаржыларынан және жұмыс берушілер қаражатынан олардың өтiнiмдерi бойынша қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілетті органдар жұмыс берушілермен 1 айдан 6 айға дейін мерзімге қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға келісім-шарт жасасады. Кейбiр жағдайларда, жұмыссыздың әлеуметтiк жағдайын ескере отырып, 1 жылға дейiн ұзартуға болады.
Тармақ 6
6. қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері болады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыс тек қана жұмыссыздарға арналады, жұмыс орнының саны iс жүзiнде шектелмейді және жұмыс уақытша сипатта болады, оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдаланылуға болмайды;
Тармақша 2
2) толық емес жұмыс күнi жағайында икемдi кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі (толық жұмыс күнi, мекеменiң жағдайына қарай жұмыс берушi жұмыссыздық жалақысына үстеме еңбек ақы төлеген кезде);
Тармақша 3
3) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;
Тармақша 4
4) арнаулы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.
Тармақ 7
7. қоғамдық жұмыстарды өзiнiң жеке қаражаты есебiнен, өзiнде ұйымдастыруға тiлек бiлдiрген жұмыс берушiлер жергiлiктi атқарушы органдарға өтiнiм бередi.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу
3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу
Тармақ 8
8. Жергілікті бюджет есебінен төленетiн қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу тиiстi жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңда анықталған ең төменгі еңбекақының 1,0-1,5 еселенген мөлшерінде, орындалатын жұмыстың санына, сапасына, күрделiлiгiне қарай белгiленедi.
Тармақ 9
9. қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгiленген тәртiппен салық салынады және жұмыспен қамту уәкілетті органдарының тапсырысына сәйкес жұмыссыздың жеке дербес шотына аударылады.
Тармақ 10
10. қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеудi қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргiзедi.
Тарау 4. 4. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу
4. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу
Тармақ 11
11. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жіберуді жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.
Тармақ 14
14. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
Тарау 5. 5. Қаржыландыру, есепке алу, есептiлiк және бақылау тәртібі
5. Қаржыландыру, есепке алу, есептiлiк және бақылау тәртібі
Тармақ 15
15. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру облыстық бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырып отырған кәсіпорын жергілікті уәкілетті органдар¬ға әр айдың 1-күнiне дейін өткен ай үшін белгiленген заңнама тәртібінде есеп береді (жұмыс уақыты есебінің табелі, атқарылған жұмыстардың актілері).
Тармақ 17
17. Жергілікті уәкілетті органдар ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзетiн кәсіпорындар есептерiн тексеріп, қаржыландыруға қажетті қаржының көлемiн анықтап, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тапсырыс жолдайды.
Тармақ 18
18. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жергілікті уәкiлеттi органдар тапсырысы негізінде жинақтап, қажетті қаржының көлемiн анықтап, әр айдың 10-күнiне дейін облыстық қаржы басқармасына тапсырыс береді.
Тармақ 19
19. Облыстық қаржы басқармасы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасынан түскен тапсырыс негізінде жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен қаржыландыру ашады.
Тармақ 20
20. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ағымдағы шотқа қаржы түскеннен кейін, екі күннің ішінде жұмыссыздың дербес шотына аударады.
Тармақ 21
21. Жергілікті уәкілетті органдар әр ай сайын өткен айда жұмсалған қаржы туралы есептi заңнамаға сәйкес (халық банк филиалымен жасалған салыстыру актілері) облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына, ал соңғысы облыстық қаржы басқармасына тапсырады.
Тармақ 22
22. қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен оны қаржыландыру тәртібіне облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, қаржы органдары және қаржыны бақылау органдары бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) статистика жҚніндегі мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша қо¬амдық жұмыстар жөнінде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық статистикалық есептерді жүргізеді;
Тармақша 3
3) белгіленген мерзімде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті ұсынады.
Басқа 44
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 6 қаңтардағы № 6 қаулысына № 2 қосымша Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру шаралар туралы" қаулысын іске асыру мақсатында жасалды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шарасы болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Тармақ 2
2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау:
Тармақша 1
1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және сол мамандық бойынша жұмыс істегісі келетін жұмыссыздарды даярлауды (бастапқы кәсіби білім беру);
Тармақша 2
2) жұмыссыздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, неғұрлым жоғары разрядтар (сыныптар, санаттар) алу және өндірістік қажеттілікті ескере отырып, үдемелі техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында біліктілігін арттыруды (қосымша білім);
Тармақша 3
3) егер жұмыссыздарға кәсіптері (мамандықтары) бойынша лайықты жұмыс ұсынылмайтын болса, не олар белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқан болса, оларды жаңа кәсіптер (мамандықтар) алу мақсатында қайта даярлауды (қайта оқыту) қамтиды.
Тарау 2. 2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру
2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру
Тармақ 3
3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау уәкілетті органның жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында немесе білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүргізу үшін ұйымдарды іріктеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру, қайта даярлаудың ұзақтығы, тараптардың құқықтары мен міндеттері шарттарға сәйкес оқу бағдарламасына қарай белгіленіп және ол:
Тармақша 1
1) жұмыссыздарды бастапқы даярлау мен қайта даярлауды жүргізу кезінде алты айдан;
Тармақша 2
2) жұмыссыздардың біліктілігін арттыру кезінде үш айдан аспауы тиіс. Кәсіби оқуда жүрген жұмыссыздарды оқудан шығаруды оқу орындары белгiленген тәртiппен жергілікті уәкілетті органды алдын ала хабардар етіп жүргiзедi. Жұмыссызды оқудан шығарған кезде білім беру ұйымы осы жұмыссыздың оқу мерзiмiне төленген оқу ақысына қайта есептеу жүргізеді, бұл ретте көрсетілген қызметтердің нақты орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлеміне ғана ақы төленеді.
Тарау 3. 3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қаржыландыру
3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қаржыландыру
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту құнын төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту құны білім беру мекемесінің шотына ақшаны ай сайын аудару арқылы төленеді.
Тармақ 8
8. Уәкілетті органдар білім беру ұйымдарына немесе кәсіпорындарға жіберген жұмыссыздарды (мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда) кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау шығыстары жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шарттарға сәйкес белгіленген тәртіппен жұмыспен қамтудың жергілікті бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органдар мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберген жұмыссыздарды бастапқы кәсіби даярлаумен байланысты шығыстар осы мемлекеттік мекемелерді ұстауға қаралған шығыстар сметасында ескеріледі.
Тарау 4. 4. Бақылау және есептілік
4. Бақылау және есептілік
Тармақ 10
10. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар ұйымдарын оқыту мерзімдері мен сапасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті білім беруді басқару оқу орындары ұйымдардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындауын бақылауды жүзеге асырады, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа талдау жүргізеді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді.
Тармақ 11
11. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздардың есебін жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық статистикалық есептілікті жүргізеді;
Тармақша 3
3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға ұсынады.