Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации
- Атауы (қаз.)
- Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 232
- Қабылданған күні
- 01.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2021 144673_528299.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VN007288
- ЭКБ идентификаторы
- 144673
- Редакция идентификаторы
- 144673_528299
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:45
0
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) № 412 бұйрығына сәйкес Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдастырушылық - құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыс орындары квота белгіленсін:
1 1) Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота осы қаулының 1-қосмшасына сәйкес белгіленсін;
2 2) Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Күршім ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 129 «Жұмыс орындары квота белгілеу туралы» қаулысы. (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 27 сәуірде № 5-14-159 болып тіркелді Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 мамырда электронды түрде жарияланған);
2
2) Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 510 «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы. (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 5-14-189 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 10 қаңтарда электронды түрде жарияланған).
3 3. «Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Күршім ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамассыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімінің орынбасары Р.Д. Умутбаеваға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Күршім ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 1 шілдесі
№ 232 қаулысына
1 қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р/н
Ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің атауы
Жұмыскерлер саны
Квота мөлшері (% ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасы
1
Шығы Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Күршім орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
468
1
5
2
«№ 3 Күршім гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
115
1
1
3
Күршім ауданының «Шабыт» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
100
1
1
4
«№ 1 Марқакөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
112
1
1
5
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Марқакөл орман шауашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
110
1
1
2 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Күршім ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 1 шілдесі № 232
қаулысына 2 қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р/н
Ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің атауы
Жұмыскерлер саны
Квота мөлшері (% ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасы
1
Шығы Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Күршім орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
468
1
5
2
Күршім ауданының «Шабыт» коммуналдықмемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
100
1
1
3
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Марқакөл орман шауашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
110
1
1