Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление деятельности по производству, переработке, приобретению, хранению, реализации, использованию, уничтожению ядов»

Бұйрық · № 392 · қабылданған 08.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144680/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление деятельности по производству, переработке, приобретению, хранению, реализации, использованию, уничтожению ядов» Қолданыста Бұйрық ·№ 392 ·08.07.2020
20.07.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление деятельности по производству, переработке, приобретению, хранению, реализации, использованию, уничтожению ядов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 392 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление деятельности по производству, переработке, приобретению, хранению, реализации, использованию, уничтожению ядов»
Атауы (қаз.)
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
392
Қабылданған күні
08.07.2020
Көрсетілген редакция
20.07.2022 144680_583841.kaz
Соңғы өзгеріс
20.07.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020949
ЭКБ идентификаторы
144680
Редакция идентификаторы
144680_583841
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:38

0 «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»

мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын
бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 8 шілдесі № 392
бұйрығымен бекітілген
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия мынадай қызметтің кіші түрлерін қамтиды:

1 1) уларды өндіру, өңдеу, сақтау, сату, жою;

2 2) уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану;

3 3) уларды сатып алу, сақтау, өткізу.

3

3. «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

4 4. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

5

5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жолдайды www.egov.kz, www.elicense.kz осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі-Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) сәйкес құжаттар.

6 6. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

7

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда - 5 (бес) жұмыс күні.

9 9. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

10

10. Орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осындай құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған (бұдан әрі - ЭЦҚ) дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жолдайды.

11

11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкестігі бөлігінде келісім алу үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аумақтық бөлімшелер), сондай-ақ Көрсетілетін қызметті алушының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі бөлігінде келісім алу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық бөлімше) портал арқылы электрондық нысанда сұрау салу жібереді.

12

12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы аумақтық бөлімшелері сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының өнеркәсіптік қауіпсіздік және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауап жібереді.

13

13. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік органның жауабын қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін-лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондык поштасына жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.

14 14. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

15 15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

16 16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.

17

18

1 «Уларды өндіру, қайта өңдеу,

сатып алу, сақтау, өткізу,
пайдалану, жою жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Ин­ду­стри­я­лық да­му ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі - көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал)
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны бе­ру ке­зін­де - 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де - 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бө­лі­ніп шы­ғу неме­се бө­лі­ну ны­са­нын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де - 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Улар­ды өн­ді­ру, өң­деу, са­тып алу, сақ­тау, өт­кі­зу, пай­да­ла­ну, жою жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия бе­ру және ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу, не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
1) осы қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де - 10 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш;
2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін - ти­іс­ті став­ка­ның 10%;
3) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар­ды (ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар­дың тел­нұс­қа­ла­рын) бе­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым алын­бай­ды.
Ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Тө­лем «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­луы мүм­кін.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Cа­ғат 16.00-ден кей­ін ке­ліп түс­кен өті­ніш­тер­ді тір­кеу ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
2) пор­тал - тех­ни­ка­лық жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды)
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу үшін:
осы Стан­дарт­қа 1 неме­се 2-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі - ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның элек­трон­дық түр­де­гі өті­ні­ші;
элек­трон­дық үкі­мет­тің тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі - ЭҮТШ) ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу ке­зін­де та­лап етіл­мей­ді);
улар­ды өн­ді­ру, өң­деу, са­тып алу, сақ­тау, өт­кі­зу, пай­да­ла­ну, жою жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің мә­лі­мет­тер ны­са­ны (бұ­дан әрі - мә­лі­мет­тер ны­са­ны) «Улар­ды өн­ді­ру, өң­деу, са­тып алу, сақ­тау, өт­кі­зу, пай­да­ла­ну, жою жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін бі­лік­ті­лік та­лап­та­рын және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2015 жы­л­ғы 23 қаң­тар­да­ғы № 46 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, (бұ­дан әрі- бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры);
2) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның осы Стан­дарт­қа 3 неме­се 4-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық түр­де­гі өті­ні­ші;
ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де та­лап етіл­мей­ді);
мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де ақ­па­ра­ты бар құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­сі;
3) заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат­ты бө­ліп шы­ға­ру және бө­лу ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ру ке­зін­де:
осы Стан­дарт­қа 3 неме­се 4-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан­дар бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық түр­де­гі же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның өті­ні­ші; ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де та­лап етіл­мей­ді);
мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де ақ­па­ра­ты бар құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­сі;
мә­лі­мет­тер ны­са­ны.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1. Ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның бе­ру ке­зін­де:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да же­ке неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дың осы са­на­ты үшін қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лын­ған;
2) ли­цен­зи­я­лық алым ен­гі­зіл­ме­ген;
3) өті­ніш бе­ру­ші бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­ген;
4) ли­цен­зи­ар ти­іс­ті ке­лі­су­ші мем­ле­кет­тік ор­ган­нан өті­ніш бе­ру­ші­нің ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ті­ні ту­ра­лы жа­у­ап ал­ған;
5) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын қыз­мет­ті неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру неме­се олар­ға тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған;
6) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­нуы негі­зін­де сот өті­ніш бе­ру­ші-бо­рыш­кер­ге ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым сал­ған;
7) өті­ніш бе­ру­ші ли­цен­зия алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­ған жағ­дай­лар­да, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бо­лып та­бы­ла­ды.
2. Ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның қай­та рә­сім­деу үшін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту негі­зі құ­жат­тар ұсы­ныл­ма­ған неме­се ти­ісін­ше ре­сім­дел­ме­ген кез­де бо­лып та­бы­ла­ды.
3. Заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат бө­лі­ніп шы­ғу және бө­лі­ну ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да:
1) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін қа­жет­ті құ­жат­тар ұсы­ныл­ма­ған неме­се ти­ісін­ше ре­сім­дел­ме­ген;
2) өті­ніш бе­ру­ші бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­ген;
3) егер бұ­рын ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша заң­ды тұ­лға­лар-ли­цен­зи­ат­тар­дың бө­лі­ну нәти­же­сін­де жа­ңа­дан пай­да болған қа­та­ры­нан бас­қа заң­ды тұл­ға­ға қай­та ре­сім­дел­се, ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша қай­та ре­сім­де­луі мүм­кін.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры ин­тер­нет-ре­сур­стар­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі - www.​miid.​gov.​kz «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мі;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - www.​comprom.​miid.​gov.​kz, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мі.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның анық­та­ма қыз­ме­ті­нен 1414, 8-800-080-7777 алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

2 «Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

2-қосымша»
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті
Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
Нұр-Сұлтан қ.
Нұр-Сұлтан
Нөмір: [Құжат нөмірі]
Берілген күні:
[Шығарылған күні] жылы
[Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН / ЖСН]
Дәлелді бас тарту
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, Сіздің [күні] жылғы № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды.
[Бас тарту негіздемесі]
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының аты-жөні (болған жағдайда)]

3 Лицензия

«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына
3-қосымша
нысан
Лицензия
20____ жылғы «___» ___________№_____________
____________________________________________________________________
(«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
_______________________________________________________ айналысуға
_____________________________________________________________ берілді
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Ерекше шарттары___________________________________________________________
(«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)
Ескерту: ____________________________________________________________
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)
Лицензиар ___________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Қолы ______________ (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)
Мөр орны (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)
Алғашқы берілген күні: « » ____________ _______ ж.
Лицензияның қолданылу кезеңі: « » ____________ _______ ж.
Берілген орны ____________________________

4 Лицензияға қосымша

«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына
4-қосымша
нысан
Лицензияға қосымша

Қолданыстағы