Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах акционерного общества «Международный аэропорт Астана»

Қаулы · № 436 · қабылданған 10.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144688/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах акционерного общества «Международный аэропорт Астана» Қолданыста Қаулы ·№ 436 ·10.07.2020
04.10.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах акционерного общества «Международный аэропорт Астана»

Қолданыста Қаулы ·№ 436 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах акционерного общества «Международный аэропорт Астана»
Атауы (қаз.)
«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
436
Қабылданған күні
10.07.2020
Көрсетілген редакция
04.10.2023 144688_682112.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000436
ЭКБ идентификаторы
144688
Редакция идентификаторы
144688_682112
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:36

0 «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының

кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 381 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 24, 191-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.».

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-180-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-180. «Нұрcұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы.».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы

27 мамырдағы № 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 389-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«389-1. «Нұрcұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы.».

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қолданыстағы