Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Жетысайскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Жетысайскому району
- Атауы (қаз.)
- Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33-167-VI
- Қабылданған күні
- 23.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2022 144730_603926.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UP005698
- ЭКБ идентификаторы
- 144730
- Редакция идентификаторы
- 144730_603926
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:57
0 Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10030 болып тіркелген) бұйрығына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Жетісай ауданыны бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. «Жетісай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Жетісай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Жетісай аудандық
мәслихатының 2020 жылғы 23
маусымдағы № 33-167-VI
шешіміне 1 қосымша
Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы,
текше метр
1
Үйлер: жайлы
жайлы емес
1 тұрғын
0,95
1,061
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
1
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
1
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,40
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,3
6
Емханалар
1 келіп кету
0,008
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
1
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,12
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
0,57
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
0,2
11
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
-
12
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
0,2
13
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
0,2
14
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
сауда алаңы 1 м2
0,71
15
Машиналардан сату
сауда орнының 1 м2
-
16
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
1
17
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
-
18
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
-
19
Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
0,2
20
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
0,5
21
Жағажайлар
Жалпы алаңы 1 м2
-
22
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,91
23
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
0,2
24
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
0,65
25
Гараж кооперативтері
1 гаражға
-
26
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
0,45
27
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
0,36
28
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,06
29
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)
1 жұмыс орны
0,06
30
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,23
31
Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
-
32
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
0,0020
8 Жетісай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтері
Жетісай аудандық
мәслихатының 2020 жылғы 23
маусымдағы № 33-167-VI
шешіміне 2 қосымша
Жетісай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау,
әкету және көму тарифтері
№ п/п
Атауы
Есептік бірлік
Қызметтің құны (теңге)
1.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифі
1.1.
Жайлы үйлер
Тұрғын/1айда
94
1.2.
Жайлы емес үйлер
Тұрғын/1айда
105
1.3.
Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар
1 м3
1187,55
2.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму тарифі
2.1.
Жеке тұлғалар үшін
1 м3
356,26
2.2.
Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар үшін
1 м3
433,02