Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Курчумского района

Өзге акт · № 50/4-VI · қабылданған 24.06.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144765/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Курчумского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 50/4-VI ·24.06.2020
22.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Курчумского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 50/4-VI · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Курчумского района
Атауы (қаз.)
Күршім ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтер және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
50/4-VI
Қабылданған күні
24.06.2020
Көрсетілген редакция
22.10.2024 144765_727214.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VN007320
ЭКБ идентификаторы
144765
Редакция идентификаторы
144765_727214
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:56

0 Күршім ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтер және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына, 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Күршім ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 11,1966 (он бір бүтін он мыңнан бір мың тоғыз жүз алпыс алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

2 2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:

1

1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде уәкілетті орган - «ШҚО Күршім ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

2 2) әлеуметтік қолдау Күршім ауданының аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;

3 3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет беріледі.

3 3. Әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту негіздемелері:

1 1) Күршім ауданының шегінен тысқары ауылдық жерде тұру;

2 2) жергілікті атқарушы орган белгілеген әлеуметтік қолдау алу құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;

3 3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл бойы екінші рет жүгінуі.

4

4. Күршім аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 43/3-VІ «Күршім ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6292 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы