О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 252
- Қабылданған күні
- 14.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2020 144779_561742.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020966
- ЭКБ идентификаторы
- 144779
- Редакция идентификаторы
- 144779_561742
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:32
0 Қазақстан Республикасына
мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы мен 18-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасына бензинді, авиациялық және дизель отынын (СЭҚ ТН кодтары 2710 12 411 0 – 2710 12 590 0, 2710 19 110 0 – 2710 19 460 0) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басталатын және аяқталатын орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдардан басқа теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен әкелуге 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі