О внесении изменений в некоторые постановления акимата Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые постановления акимата Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 268
- Қабылданған күні
- 10.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2020 144784_471311.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20C0007308
- ЭКБ идентификаторы
- 144784
- Редакция идентификаторы
- 144784_471311
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:36
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір
қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2 2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 268 қаулысымен
бекітілген
Ақтөбе облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін
кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қазандағы № 309 «Ембі, Сағыз, Темір өзендері мен олардың салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3348 тіркелген, 2010 жылғы 23 қарашада «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бекітілген жобаның негізінде Ембі, Сағыз, Темір өзендері мен олардың салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.»;
2
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 60 «Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары және шағын су қоймаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3551 тіркелген, 2013 жылғы 11 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бекітілген жобаның негізінде Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары және шағын су қоймаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері;
Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары және шағын су қоймаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.»;
3
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 299 «Ақтөбе облысының өзендері Ор, Ойыл, Қобда мен оның салаларына және шағын су қоймаларының (Ащыбек, Мағаджан, Қызылсу, Әулие, Айталы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3651 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бекітілген жобаның негізінде Ор, Ойыл, Қобда өзендері мен оның салаларының және шағын су қоймаларының (Ащыбек, Мағаджан, Қызылсу, Әулие, Айталы) су қорғау аймақтары мен белдеулері;
Ор, Ойыл, Қобда өзендері мен оның салаларына және шағын су қоймаларының (Ащыбек, Мағаджан, Қызылсу, Әулие, Айталы) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.».