Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Катон-Карагайского района

Өзге акт · № 40/350-VI · қабылданған 26.06.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144813/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Катон-Карагайского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 40/350-VI ·26.06.2020
26.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Катон-Карагайского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 40/350-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Катон-Карагайского района
Атауы (қаз.)
Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40/350-VI
Қабылданған күні
26.06.2020
Көрсетілген редакция
26.10.2021 144813_551752.kaz
Соңғы өзгеріс
26.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VM007315
ЭКБ идентификаторы
144813
Редакция идентификаторы
144813_551752
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:51

0

Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Катонқарағай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 11,1966 (он бір бүтін он мыңнан бір мың тоғыз жүз алпыс алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

2 2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:

1

1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде уәкілетті орган – «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

2 2) әлеуметтік қолдау Катонқарағай ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;

3 3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет, «Қазпочта» акционерлік қоғамы бөлімшелері арқылы беріледі.

3 3. Әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту негіздемелері:

1 1) Катонқарағай ауданының шегінен тысқары ауылдық жерде тұру;

2 2) жергілікті атқарушы орган белгілеген әлеуметтік қолдау алу құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;

3 3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл бойы екінші рет жүгінуі.

4 4. Катонқарағай ауданының мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1

1) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазандағы № 21/188-VI «Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-13-152 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 30 қарашада жарияланған);

2

2) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 32/273-VI «Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазандағы № 21/188-VІ «Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6208 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 қазанда жарияланған).

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы