О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 518
- Қабылданған күні
- 15.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2020 144843_475944.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020978
- ЭКБ идентификаторы
- 144843
- Редакция идентификаторы
- 144843_475944
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:30
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М.Сайтбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне
(А.М. Сайтбеков) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
2020 жылғы 15 шілдесі
№ 518 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11357 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 шілдеде жарияланған).
2
2. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 574 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13882 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 шілдеде жарияланған).
3
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндеті атқарушы 2017 жылғы 25 мамырдағы № 359 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15244 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 30 маусымда жарияланған).
4
4. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 650 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17640 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 7 қарашада жарияланған).
5
5. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 432 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18610 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 6 мамырда жарияланған).
6
6. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 шілдегі № 646 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19129 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 7 тамызда жарияланған).