Құжат мәтініне өту

Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях

Қаулы · № 2107 · қабылданған 15.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144860/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях Қолданыста Қаулы ·№ 2107 ·15.07.2020
26.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях

Қолданыста Қаулы ·№ 2107 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях
Атауы (қаз.)
Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2107
Қабылданған күні
15.07.2020
Қолданысқа енгізілген күні
31.07.2020
Көрсетілген редакция
26.02.2025 144860_746626.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20GA004685
ЭКБ идентификаторы
144860
Редакция идентификаторы
144860_746626
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:31

0 Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31,37 баптарына және «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес, сонымен қатар ақша қаражатының көлеңкелі айналымын болдырмау және салықтар мен міндетті төлемдер түріндегі ақша қаражаттарының түсімін ұлғайту, жолаушылар тарапынан қалалық қоғамдық көлігінде қолма-қол ақшасыз жолақысын төлеу әдісінің тартымдылығын арттыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тараз қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 130 (жүз отыз) теңге.

2 2. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3

3. «Тарифті белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы №469 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3474 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 30 маусымында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ.Сарытайға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Тараз қалалық
мәслихатының хатшысы
_________ Б.Күлекеев
«____» ________ 2020 жыл

Қолданыстағы