Об утверждении условия договора кредитования за счет средств областного бюджета Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджет қаражаты есебінен кредит беру келісімінің шарттарын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 29.03.2005 № 199 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі " Бюджет жүйесі туралы " және "Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңдарына сәйкес "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік (мерзімдік және жылдық) нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Їкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысын іске асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы бюджетінің қаражаты есебінен кредит беру келісімінің шарттары бекітілсін (қоса тіркеледі).
Тармақ 2
2. осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Н.Бурлаченкоға жүктелсін.
Басқа 3. Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджет қаражаты есебiнен кредит беру келiсiмiнiң Шарттары
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 1 ақпанындағы № 57 "Облыстық бюджет қаражаты есебiнен кредит беру келiсiмiнiң шарттарын бекiту туралы" қаулысына қосымша Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджет қаражаты есебiнен кредит беру келiсiмiнiң Шарттары
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсанындағы Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм), " Бюджет жүйесi туралы " 1999 жылғы 1 сәуiрдегi және "Мемлекеттiк және мемлекеттiк кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңдарына, "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Їкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 қаулысына сәйкес әзiрлендi және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының облыстық бюджет ақшасы есебiнен (бұдан әрi - бюджет) бюджеттiк кредит беру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Осы Шарттарда мынадай түсiнiктер пайдаланылады: кредит берушi - Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмияты; бағдарлама әкімшісі - "Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті" мемлекеттік мекемесі; бюджеттiк несие - мерзiмдiлiк, ақылық және қайтарымдылық жағдайларында облыстық бюджеттен кредит берушiлер ұсынатын, сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiк жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға оқшауландырылатын ақшалар; заем алушы тиiстi бюджет алдында кредиттi қайтару жөнiнде тiкелей мiндеттемелерi бар бюджет қаражатынан кредит алушы; банк-заемшы - Даму Банкi, банктiк операциялардың жеке түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар, түпкi заемшыларды одан әрi несиелендiру үшiн облыстық бюджеттен бюджеттiк кредит алатын екiншi деңгейдегi банк немесе ұйым; түпкi заемшы - банк-заемшы арқылы бюджеттiк кредит алатын заңды немесе жеке тұлға. 📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 2 ақпандағы № 71; 2005 жылғы 10 ақпандағы № 100 қаулыларымен.
Тармақ 3
3. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының қаулысына сәйкес қайтарымды негiзде облыстық бюджеттен жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру үшiн тағайындалған бюджеттiк бағдарламалар бойынша мiндеттемелерiн тiркеу үшiн банктер-қатысушылар арасындағы конкурстың нәтижелерi бойынша: кредитор мен банктер-заемшылар; банктер-заемшылар және түпкi заемшылар арасында шарт жасалады.
Тармақ 4
4. Бюджеттiк кредит беру оларды түпкi заемшыларға кейiннен бере отырып банк-заемшыларға бюджеттiк кредит беру жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Жергiлiктi атқарушы органдардың кредиттерiн банк-заемшыларға беру жөнiндегi рәсiмдер осы Шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджет ақшаларының есебiнен бюджеттiк кредиттер беру туралы шарттар (келiсiмдер) жасасу Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмияты атынан облыс әкiмi немесе оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Кредитор мен кредит алушы арасындағы шартта мыналар: шарт бойынша мiндеттеменiң қатысушылары - кредитор және кредит алушы; кредитор және кредит алушының толық атауы, СТН және тараптардың мекен-жайы; бюджеттiк бағдарламаның атауы; шарт жасасудың мақсаты; ақшалай мiндеттеменiң (кредиттiң) мөлшерi; бюджеттiк кредиттер ұлттық валютада берiледi; сыйақы ставкасы - бюджеттiк кредиттер сыйақының тiркелген ставкасымен берiледi, оның iшiнде: банк-заемшының сыйақы ставкасы бюджеттiк кредит беру бағдарламасына қатысушы банк заемшыларды iрiктеу жөнiндегi конкурс қорытындысы бойынша анықталады; облыстық бюджеттiң сыйақы ставкасы - ұлттық валютадағы жылдық өсiмi 2 пайыз; борыштың негiзгi сомасын өтеу мерзiмi; мiндеттемелердi кредит алушылардың мерзiмiнен бұрын пайдалану мүмкiндiгi туралы; кредит қайтарымдылығын қамтамасыз ету - түпкi заемшының мезгiлiнде қайтара алмаған жағдайда, банктiң қаражаты есебiнен; шарт талаптарын орындамағаны үшiн тараптардың жауапкершiлiгi; банк-заемшы мен түпкi заемшы арасында келiсiм жасалады; борыштың негiзгi сомасын өтеу және сыйақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiк кезеңiнiң болуы (болмауы). 📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 2 ақпандағы № 71 қаулысымен .
Тармақ 8
8. Жергiлiктi бюджеттерде көзделген бюджеттiк несиелендiрудiң негiзгi бағыттары: жергiлiктi инвестициялық жобаларды iске асыру; экономиканың салаларын мемлекеттiк қаржылай қолдау; шағын кәсiпкерлiктi аймақтық қолдау бағдарламасын орындау болып табылады. 📌 Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 2 ақпандағы № 71 қаулысымен .
Тармақ 9
9. Нысан бойынша берiлген бюджеттiк несие: барлық бюджеттiк несиенiң сомасын бiржолғы аудару арқылы ұсынылатын мерзiмнен тыс несие; несиелiк желiлер- аудару кестесiне сәйкес заемшының шотына бюджеттiк несие сомасын кезеңдiк аудару арқылы берiлетiн несие не оның төлем құжаттарын бiржолғы төлеу болып бөлiнедi.
Тармақ 10
10. Мерзiмдерiне байланысты бюджеттiк несиелердi беру:
Тармақша 1
1) қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;
Тармақша 2
2) орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін;
Тармақша 3
3) ұзақ мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін. 📌 Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2005 жылғы 10 ақпандағы № 100 қаулыcымен.
Тармақ 10-1
10-1. Ұлттық валютадағы сыйақы ставкасы өтеуге дейiн бюджет кредитiнiң мерзiмiне тең мерзiммен Қаржы министрлiгi эмиссиялаған ұлттық валютадағы мемлекеттiк орта мерзiмдi индекстелмейтiн бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама рыногындағы операциялардың нәтижелерi бойынша алдағы тоқсанда қалыптасқан кiрiстiлiктiң орта өлшемдiк ставкасына тең болып белгiленедi.
Тармақ 10-2
10-2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 шiлдедегi № 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын бюджеттiк кредит беру кезiндегi сыйақы ставкасының мөлшерi Қазақстан Республикасы Їкiметiнiң шешiмiмен анықталады.
Тармақ 10-3
10-3. Түпкi қарыз алушы үшiн сыйақы ставкасының мөлшерi 10-1- тармақта анықталған ұлттық валютадағы сыйақы ставкасының 1,5 (бiр бүтiн оннан бес) есебiнен аспауы тиiс.
Тармақ 10-4
10-4. Егер Қаржы министрлiгi эмиссиялаған бағалы қағаздардың ұйымдастырылған қайталама рыногындағы операциялар ағымдағы кезеңде жүргiзiлмеген жағдайда, сыйақы ставкасы өткен кезеңдегi ұлттық валютадағы сыйақы ставкасына тең белгiленедi. 📌 Ескерту. Қаулы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4-тармақтармен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 2 ақпандағы № 71 қаулысымен .
Тармақ 11
11. Бағдарламалардың әкiмшiлерi тiзбеге сәйкес өтiнiш бiлдiрген нақтылы бюджеттiк мерзiмiн көрсете отырып бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде олардың несиелердi алуы үшiн Қазақстан Республикасы ұлттық Банкiнiң оң қорытындысы бар банктер-қатысушылар арасында конкурс жариялайды.
Тармақ 12
12. Конкурстың қорытындылары бойынша бағдарламалардың әкiмшiлерi белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаулыларына жобалар енгiзедi. Несие берушiлер нақтылы бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруға банк-заемшылар, олардың қатысу шарттары мен дәрежелерi анықталатын түпкiлiктi шешiм қабылдайды.
Тармақ 13
13. Жергiлiктi атқарушы органның оң шешiм қабылдауы негiзiнде, бағдарламалардың әкiмшiлерiнiң қатысуымен банк-заемшылармен бiрлесе отырып қажет болған жағдайда несиелiк шарттарды және оларға байланысты құжаттарды (кепiл, кепiлдiк туралы шарт, төлемдердiң кестесi) жасасуды жүргiзедi. Несие берушi терiс шешiм қабылдаған жағдайда бағдарламалардың әкiмшiлерi қайта конкурс өткiзудi ұйымдастырады.
Тармақ 14
14. Жасасқан несиелiк шарттар жасасқан күннен бастап үш күндiк мерзiмде тiркеуге жатады.
Тармақ 15
15. Тараптардың бюджеттiк несиелендiру кезiнде туындаған барлық даулары мен пiкiр қайшылықтары жасасқан несиелiк шарттардың талаптарымен және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
Тармақ 16
16. Несиелiк ресурстардан түпкi заемшылардың бюджеттiк несиелерiн банк-заемшыларға беру қолданылып жүрген заңдарға, несие берушiмен жасасқан несиелiк шарттарға және банк- заемшының iшкi несиелiк саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Банк-заемшы түпкi заемшының несиелiк ұсыныстарына: түпкi заемшының төлем қабiлетiне және өтелмеген бюджеттiк несие тәуекелiнiң дәрежесiне талдау, жобаның экономикалық тиiмдiлiгiне, техникалық-экономикалық және қаржылық көрсеткiштерiне талдау, көздердiң бар-жоғын және несиенi өтеудiң қамтамасыз етiлуiне тексеру жүргiзу арқылы сараптама жүргiзедi.
Тармақ 18
18. Бағдарламалар әкiмшiлерiнiң келiсiмi бойынша банк-заемшылардың несиелiк ұсыныстарының сараптамасы нәтижесiнде түпкi заемшыны несиелендiру туралы шешiм қабылданады, олармен бюджеттiк несиелерге байланысты несиелiк шарттар жасасады.
Тармақ 19
19. Несиелiк шарттар және оларға байланысты құжаттар жасасқаннан кейiн банк-заемшылар түпкi заемшының атына қарыз ақша шотын ашады, оған несиелiк шарттарға сәйкес бюджеттiк несиелердiң сомасы есептеледi. Көрсетiлген шоттан түпкi заемшының есеп шотына ақшаны аудару арқылы несиелердi беру жүргiзiледi.
Тармақ 20
20. Негiзгi борышты өтеудi және есептелген сыйақыны төлеудi жасасқан несиелiк шартқа сәйкес заемшы жүзеге асырады. Бұл орайда, төлемдердiң мынадай кезегi белгiленедi: есептелген айыппұлдар мен өсiмдер; есептелген сыйақылар; негiзгi борышты өтеу.
Тармақ 20-1
20-1. Бюджеттiк кредиттiң негiзгi борышының жеңiлдiктi кезеңiнiң ұзақтығы қарыз алушы мен бюджеттiк бағдарлама әкiмшісiнiң тиiстi есептеулерiмен расталады. Бұл ретте жеңiлдiктi кезеңнiң ұзақтығы кредит мерзiмi ұзақтығының 1/3 (үштен бiрi) аспауы тиiс. 📌 Ескерту. Қаулы 20-1 тармақпен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 2 ақпандағы № 71 қаулысымен
Тармақ 21
21. Банк-заемшы несиелiк шарттың талаптарын бұзған жағдайда несие берушi несиелiк шартты мерзiмiнен тыс бұзуға және есептелген сыйақылармен және айыппұлдармен бiрге несиенiң iс жүзiндегi ұсынылған сомасын қайтаруға құқылы.
Тармақ 22
22. Бюджеттiк кредиттi мақсатсыз пайдалану фактiлерi анықталған кезде кредит берушi Қаржы министрлiгi анықтайтын тәртiппен кредит шартында айтылған мөлшерде айыппұл сала отырып, заңсыз пайдаланылған кредит сомасын өндiрiп алуға құқылы. 📌 Ескерту. 22 тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 2 ақпандағы № 71 қаулысымен
Тармақ 23
23. Заемшы несиелiк шартта белгiленген мерзiмде негiзгi борышты өтелмеген және/немесе бюджеттiк несие бойынша сыйақыны төлемеген жағдайда жинақталған берешектерге айыппұл проценттерi есептеледi.
Тармақ 24
24. Бюджеттiк несие бойынша заемшының берешектерi пайда болған және несиелiк шарттың талаптарымен анықталған мерзiм iшiнде ол өтелмеген жағдайда жергiлiктi бюджеттерден берiлген несие бойынша жергiлiктi атқарушы органы не банк-заемшы (түпкi заемшы жағдайында) берешектердi қайтаруды қамтамасыз ететiн мынадай: заңдарда белгiленген тәртiппен заемшының берешектерiн өтеу жөнiндегi олардың мiндеттемелерiн орындауы туралы құжаттарды грантқа (алушыға) жiберу; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кепiл туралы шарттың негiзiнде заемшының салған мүлкiн сату; заемшы несие берушiнiң не банк-заемшының пайдасына берген басқа тұлғаға заемшының талаптарын төлеуге ұсыну; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес соттың заемшыны банкрот деп жариялауға дейiн сот тәртiбiнде өндiрiп алу жүзеге асыру шараларын қолданады.
Тармақ 25
25. Бюджеттiк кредиттердi игеруге, мақсатты пайдалануға, уақтылы және толық өтеуге бақылау жасауды: жергiлiктi бюджеттерден берiлген кредиттер бойынша жергiлiктi атқарушы орган; түпкi заемшыға байланысты жағдайда барлық бюджеттiк кредиттер бойынша банк-заемшылар жүзеге асырады. Облыстық бюджет қаражаты есебiнен берiлген кредиттердi мақсатқа сай пайдаланбаған жағдайда заемшы мақсатқа сай пайдаланылмаған қаражаттың сомасын қайтаратын және мақсатқа сай пайдаланылмаған соманың 25% мөлшерiнде айыппұл төлейдi. Мақсатқа сай пайдаланылмаған кредиттiң сомасына, сол сияқты бюджетке қайтарылуға жататын және заемшының осы Шарттарға сәйкес кредит шартында белгiленген игерiлу мерзiмiнен кейiн пайдаланған сомаларда жатады.
Тармақ 26
26. Облыстық бюджет қаражаты есебiнен берiлген несие банк-заемшы тиiстi бюджетке негiзгi борыштың сомасын қайтару және сыйақыларды және айыппұлдарды қоса алғанда осы несиелерге байланысты басқа iлеспе төлемдердi толық көлемде төлеген жағдайда өтелген болып есептеледi.
Тармақ 27
27. Кредит берушi бақылау мақсатында бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнен және банк-заемшылардан бюджеттiк кредиттерге байланысты қажеттi ақпаратты талап етуге құқылы. 28. Бюджеттен кредит берудi есепке алу шартқа сәйкес оның негiзгi сомасының бюджеттiк қаражатын өтеу мен ол бойынша сыйақыларды (мүдделердi) төлеуге жергiлiктi уәкiлеттi орган мен шартқа сәйкес тиiстi жергiлiктi бюджеттiк қаражаттарды алушы арасындағы шарт жағдайының сақталуын бақылау мақсатында жүргiзiледi.