Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 281 · қабылданған 14.07.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144927/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 281 ·14.07.2020
26.01.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 281 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
281
Қабылданған күні
14.07.2020
Көрсетілген редакция
26.01.2021 144927_510046.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VJ007368
ЭКБ идентификаторы
144927
Редакция идентификаторы
144927_510046
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:32

0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген), мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2

2. Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 96 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5858 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылы 19 сәуірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

3 3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Жарма ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданы әкімінің орынбасары А. Ибраевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота мөлшері

Жарма ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 14 шілдесі
№ 281 қаулысына
қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының
квота мөлшері
Тізімдік саны бар ұйымдар
Квота мөлшері (%)
Елуден жүз адамға дейін
2
Жүз бірден екі жүз елу адамға дейін
3
Екі жүз елу бірден жоғары
4

Қолданыстағы