Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан»

Бұйрық · № 281 · қабылданған 19.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144952/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 281 ·19.06.2020
27.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 281 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
281
Қабылданған күні
19.06.2020
Көрсетілген редакция
27.07.2023 144952_646443.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020989
ЭКБ идентификаторы
144952
Редакция идентификаторы
144952_646443
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:59

0 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архиві:

1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

2020 жылғы 19 маусымы № 281
бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы

15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архиві Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде Бірыңғай байланыс орталығына және Мемлекеттік корпорацияға жолдауды қамтамасыз етсін.

2 2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) архивтік анықтама – ұйым хатының бланкісінде жасалған, олардың негізінде жасалған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлары мен парақ нөмірлері көрсетіле отырып, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты қамтитын, заңды күші бар (түпнұсқа) құжат;

2 2) архивтік құжат – оның қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақтауға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;

3 3) архивтік үзінді – архив хатының бланкісінде жасалған, сақтау бірліктерінің архивтік шифры мен парақ нөмірлері көрсетіле отырып, белгілі бір фактіге, оқиғаға, адамға қатысты архивтік құжат мәтінінің бір бөлігін

сөзбе-сөз көрсететін құжат;

4 4) жұлдызша – құжат парақтары бекітілген жерге жапсырылатын және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық архивінің елтаңбалы мөрі қойылатын қатты қағаз.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

3

3. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

4

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – қызметті алушы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) осы қағидалардағы 2-қосымшасында көрсетілген құжаттарды қоса тіркей отырып өтініш береді.

5 5. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы қағидалардағы 2-қосымшаға сәйкес.

Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Қызметті алушы мемлекеттік қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

6 6. Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен құжаттар топтамасын тіркеуді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің уәкілетті қызметкері олар келіп түскен күні жүзеге асырады және жауапты орындаушыны тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беріледі.

Жауапты орындаушы құжаттар топтамасын қарайды және 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

7 7. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жеке басын куәландыратын құжатты не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілінің құжатын көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметте қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес қызметті беруші қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижесі бойынша қызметті беруші апостиль қойылған архивтік анықтама немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін береді не мемлекеттік қызметті көсетуге дәлелді бас тартады.

8 8. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының

11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

9 9. Апостиль қою үшін ұсынылатын архивтік анықтамалар және архивтік құжаттардың көшірмелері анық және түсінікті жазылады, лауазымды адамдардың қолтаңбалары мен мөрлердің бедерлері анық қойылады.

Апостиль құжаттың мәтіннен бос жеріне не оның артқы бетіне қойылады және Архивтің елтаңбалы мөрімен бекітіледі.
Құжатқа апостиль қою мүмкін болмаған жағдайда апостиль мөрі қағаздың жеке парағына қойылады.
Бұл жағдайда құжат парақтары және апостиль қойылған парақ жіппен (не арнайы жұқа баумен, лентамен) тігу арқылы бірге бекітіледі және нөмірленеді, ол туралы жұлдызшада тиісті жазба жасалады.
Құжаттардың соңғы парағына бекітілген жерге Архивтің елтаңбалы мөрі қойылатын жұлдызша жапсырылады. Бұл ретте қойылған мөр бедері жұлдызшада және парақта біркелкі орналастырылады.
Бекітілген парақтар саны Архив бастығының, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарының қолтаңбасымен расталады.

10 10. Апостиль мәтініне өзгерістер енгізуге және мөртаңбада оның жолдарын орналастыру жүйелілігін ауыстыруға жол берілмейді.

Сонымен қатар, куәландырылатын құжаттарға тігу үшін апостиль мөртаңбасының көшірмесін жасау әдісімен немесе өзге де жолмен парақтан апостиль жасауға жол берілмейді.
Барлық жағдайларда апостиль мөртаңба бедері ретінде қойылады.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қоюға өтініш

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
____________________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
Тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін)/заңды мекенжайы (заңды тұлға үшін):
Байланыс телефоны:
ЖСН ___________________________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және
архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қоюға
өтініш
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архиві берген
_______________________________________________________________
(архивтік анықтама және архивтік құжаттардың көшірмелері)
апостиль мөртаңбасын қоюыңызды сұраймын.
Қосымша:
1) __________________________________________________________________;
2) __________________________________________________________________;
3) __________________________________________________________________;
4) __________________________________________________________________.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___жылғы «___» ________ ____________________
(қолы)
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің Орталық архивінен
шығатын архивтік анықтамаларға
және архивтік құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі
2.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
15 (он бес) жұ­мыс кү­ні.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы өті­ніш жа­са­ған кез­де:
құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут;
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут.
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Қа­ға­з­да
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Апо­стиль қой­ы­л­ған ар­хив­тік анық­та­ма, ар­хив­тік құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­сі не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда дай­ын құ­жат­тар­ды бе­ру же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты (не но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­лі­нің) көр­сет­кен кез­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция нәти­же­ні бір ай бойы сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді, одан кей­ін одан әрі сақ­тау үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге бе­ре­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бір ай өт­кен­нен кей­ін өті­ніш жа­са­ған кез­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның сұ­рау са­луы бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бір жұ­мыс кү­ні ішін­де дай­ын құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бе­ру үшін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жол­дай­ды.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­сет­ке­ні үшін «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ко­дек­сі­нің (Са­лық ко­дек­сі) 609-ба­бы 1-тар­ма­ғы­ның 15) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік баж алы­на­ды, ол мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу кү­ніне бел­гі­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш мөл­ше­рі­нен 50 (елу) пай­ы­зды құ­рай­ды.
Мем­ле­кет­тік баж Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның банк ме­ке­ме­ле­рі ар­қы­лы тө­ле­не­ді, олар тө­лем мөл­ше­рі мен кү­нін рас­тай­тын құ­жат (тү­бір­тек) бе­ре­ді.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ди­пло­ма­ти­я­лық өкіл­дік­те­рі мен кон­сул­дық ме­ке­ме­ле­рі ар­қы­лы апо­стиль қо­ю­ға тү­се­тін құ­жат­тар­ға апо­стиль қою ке­зін­де «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ко­дек­сі (Са­лық ко­дек­сі) 622-ба­бы­ның 2) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес мы­на­лар:
Ке­ңес Ода­ғы­ның ба­тыр­ла­ры, Со­ци­а­ли­стік Ең­бек ер­ле­рі;
үш дә­ре­же­лі Даңқ және үш дә­ре­же­лі Ең­бек Даң­қы, «Ал­тын Қы­ран», «Отан» ор­ден­де­рі­мен на­град­тал­ған, «Ха­лық Қа­һар­ма­ны», «Қа­зақ­стан­ның Ең­бек Ері» атақ­та­ры­на ие болған адам­дар;
«Ба­тыр ана» ата­ғы­на ие болған, «Ал­тын ал­қа», «Кү­мiс ал­қа» ал­қа­ла­ры­мен на­град­тал­ған көп ба­ла­лы ана­лар;
Ұлы Отан со­ғы­сы­ның ар­да­гер­ле­рі, же­ңіл­дік бой­ын­ша Ұлы Отан со­ғы­сы­ның ар­да­гер­ле­ріне те­ңе­сті­рі­л­ген ар­да­гер­лер және бас­қа мем­ле­кет­тер ау­ма­ғын­да­ғы ұрыс қи­мыл­да­ры­ның ар­да­гер­ле­рі, Ұлы Отан со­ғы­сы жыл­да­рын­да тыл­да­ғы қа­жыр­лы ең­бе­гі мен мін­сіз әс­ке­ри қыз­ме­ті үшін бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ор­ден­де­рі­мен және ме­даль­да­ры­мен на­град­тал­ған адам­дар, 1941 жы­л­ғы 22 мау­сым мен 1945 жы­л­ғы 9 ма­мыр­да ке­мін­де ал­ты ай жұ­мыс іс­те­ген (қыз­мет өт­кер­ген) және Ұлы Отан со­ғы­сы жыл­да­рын­да тыл­да­ғы қа­жыр­лы ең­бе­гі мен мін­сіз әс­ке­ри қыз­ме­ті үшін бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ор­ден­де­рі­мен және ме­даль­да­ры­мен на­град­тал­ма­ған адам­дар, мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар, сон­дай-ақ ба­ла ке­зі­нен мү­ге­дек­ті­гі бар адам­ның ата-ана­сы­ның бі­рі, мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла;
қарт­тар мен мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға ар­нал­ған жал­пы үл­гі­де­гі ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік ме­ке­ме­лер­де тұ­ра­тын қарт­тар, ба­ла­лар үй­ле­рін­де және (неме­се) ин­тер­нат­тар­да тұ­ра­тын, мем­ле­кет­тің то­лық қам­сыздан­ды­руын­да­ғы же­тім ба­ла­лар мен ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар;
Чер­но­быль апа­ты сал­да­ры­нан за­рдап шек­кен аза­мат­тар мем­ле­кет­тік баж­ды тө­ле­уден боса­ты­ла­ды.
7.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек ко­дек­сі­нің 6 және 7-та­ра­у­ла­ры­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, түс­кі ас­қа үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ға дей­ін­гі­ні қо­са ал­ған­да, түс­кі ас­қа үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін. Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ке­зек­ші бө­лім­де­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек ко­дек­сі­нің 6 және 7-та­ра­у­ла­ры­на сәй­кес жек­сен­бі­ні және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ға дей­ін­гі­ні қо­са ал­ған­да, са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін.
Өті­ніш­ті қа­был­дау Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы же­дел қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қа­ла­уы бой­ын­ша пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ке­зек­ті бронь­дау мүм­кін­ді­гі бар.
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің Ор­та­лық мұ­ра­ға­ты­нан шы­ға­тын ар­хив­тік анық­та­ма­лар­ға және ар­хив­тік құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­сіне апо­стиль қо­ю­ға өті­ніш;
2) аза­мат­тың же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін) (но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­лі­нен) не көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мүд­де­сін үшін­ші тұл­ға біл­дір­ген кез­де но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған се­нім­хат (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін ұсы­ны­ла­ды);
3) апо­стиль қою үшін мем­ле­кет­тік баж­дың тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек;
4) апо­стиль мөр­таң­ба­сы қой­ы­луы қа­жет Мұ­ра­ғат бер­ген ар­хив­тік анық­та­ма және (неме­се) ар­хив­тік құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­сі.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де, егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше көз­дел­ме­се, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ақ­па­рат­тық жүй­е­де қам­ты­л­ған за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сім бе­ре­ді.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­а­бы, соң­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған;
6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы
10.
Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Тір­ші­лік әре­ке­тін шек­тей­тін ор­га­низм қыз­ме­ті­нің тұ­рақ­ты бұ­зы­луы­мен ден­са­улы­ғы на­шар­ла­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды қа­жет болған жағ­дай­да Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы өті­ніш жа­сау жо­лы­мен тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­ру­мен Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі жүр­гі­зе­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет», Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы қа­шық­тан қол­же­тім­ді­лік ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту бел­гі­сі ту­ра­лы ақ­па­рат алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жайы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​mod.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, сон­дай-ақ Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы алу­ға бо­ла­ды.
«Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің Орталық
архивінен шығатын архивтік
анықтамаларға және архивтік
құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою» мемлекеттік
қызметін көрсету
қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік қызметке негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) __________________________________________________________________;
2) __________________________________________________________________;
3) __________________________________________________________________.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.
____________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған
кезде)
__________
(қолы, күні)
Орындаушы:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) __________________________
Телефоны ______________
Алдым:
_____________________________________ _____________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (қолы)
әкесінің аты (ол бар болған кезде)
20__ жылғы «___» ____________

1 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарында күші жойылған құрылымдық элементтерінің тізбесі

бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарында күші жойылған құрылымдық элементтерінің
тізбесі

1

1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығы 1-тармағының 10) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген, 2017 жылғы
11 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

2

2.«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 515 бұйрығы 1-тармағының 10) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15792 болып тіркелген, 2017 жылғы
24 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

3

3.«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 442 бұйрығы 1-тармағының 10) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18846 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Қолданыстағы