Құжат мәтініне өту

О порядке организации и проведения мирных собраний в Сайрамском районе

Өзге акт · № 56-342/VI · қабылданған 24.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144974/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О порядке организации и проведения мирных собраний в Сайрамском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 56-342/VI ·24.06.2020
24.12.2021 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О порядке организации и проведения мирных собраний в Сайрамском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 56-342/VI · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке организации и проведения мирных собраний в Сайрамском районе
Атауы (қаз.)
Сайрам ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
56-342/VI
Қабылданған күні
24.06.2020
Көрсетілген редакция
24.12.2021 144974_553180.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UJ005716
ЭКБ идентификаторы
144974
Редакция идентификаторы
144974_553180
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:53

0 Сайрам ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру

және өткізу тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Сайрам ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып Ақсу ауылындағы «Дендро» саябағындағы алаң айқындалсын.

2 2. Сайрам ауданында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Ақсу ауылының Ы.Иманалиев көшесі мен Жібек жолы көшесінің қиылысынан бастап Ы.Иманалиев көшесі мен Төлеби көшесінің қиылысына дейінгі аралық айқындалсын.

3

3. Сайрам ауданында бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

4 4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

5 5. «Сайрам аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

6 6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану ТӘРТІБІ

Сайрам аудандық
мәслихатының 2020
жылғы 24 маусымдағы
№56-342/VI шешіміне
1-қосымша
Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Сайрам аудандық мәслихаты бейбіт жиналыстарды немесе шерулерді өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.
Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін
арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуі

п/п
Арнайы орын атауы
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі
Шекті толу нормалары
1.
Ақсу ауылындағы «Дендро» саябағындағы алаң
- көше жарығы;
- электр энергиясын қосу нүктесі;
- бейнебақылау және бейнежазба камералары;
- автотұрақ орны
(1 кіру, 1 шығу).
200
адам
Жергілікті атқарушы органның өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айырым белгісі;
периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;
Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға;
БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесе қоршаумен шектеу; фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);
бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;
Ақсу ауылының Ы.Иманалиев көшесі мен Жібек жолы көшесінің бұрышынан Ы.Иманалиев көшесі мен Төлеби көшесінің бұрышына дейінгі шеру бағытымен танысу.
Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:
өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;
ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.

10 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Сайрам аудандық
мәслихатының 2020
жылғы 24 маусымдағы
№56-342/VI шешіміне
2-қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес
аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:

1 1. Жаппай жерлеу орындарында;

2 2. Теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3 3. Мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4 4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;

5 5. Қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

6 6. Магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Қолданыстағы