Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 42/01 · қабылданған 15.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144983/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 42/01 ·15.07.2020
15.07.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 42/01 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
42/01
Қабылданған күні
15.07.2020
Көрсетілген редакция
15.07.2020 144983_472340.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20KO005952
ЭКБ идентификаторы
144983
Редакция идентификаторы
144983_472340
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:30

0 Қауымдық сервитут

белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «Осакаровка» автоматтандырылған газ тарату станциясы орнату арқылы салынып жатқан «САРЫ-АРҚА» магистралды газ құбырынан (шартты диаметрі - 159 миллиметр) газ құбырының тармағын салу үшін және «Осакаровка» автоматтандырылған газ тарату станциясынан Осакаровка кентіне дейінгі желілік бөліктің ілеспе объектілерімен (10 киловольт әуе желілері, кірме жолдар және талшықты-оптикалық байланыс желісі) 1,2 мегапаскаль жоғары қысымды жеткізуші газ құбырын салу үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан ауданы 12,86 болатын жер учаскелерін алмай 5 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қарағанды облысы Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын мәселелер бойынша шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекұлы Нұрмұханбетовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Объектілердің техникалық көрсеткіштері

Осакаров ауданы
әкімдігінің
2020 жылғы 15 шілдесі
№ 42/01
қаулысына қосымша
Объектілердің техникалық көрсеткіштері

Атауы
Алаңы, гектар
1
«Осакаровка» автоматтандырылған газ тарату станциясына газ құбырының тармағы
9,2595
2
«Осакаровка» автоматтандырылған газ тарату станциясы және кірме жолы бар «Осакаровка» газ тарату пункті
0,8567
3
Жеткізуші газ құбыры
2,1983
4
Электр жеткізуші желілері әуе желілері-10 киловольт
0,5414
БАРЛЫҒЫ:
12,86

Қолданыстағы