Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 281 · қабылданған 17.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144992/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 281 ·17.07.2020
17.07.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 281 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
281
Қабылданған күні
17.07.2020
Қолданысқа енгізілген күні
03.08.2020
Көрсетілген редакция
17.07.2020 144992_472482.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20GK004687
ЭКБ идентификаторы
144992
Редакция идентификаторы
144992_472482
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:28

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Zhambyl Minerals» (Жамбыл Минералз) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысы, Шу ауданында орналасқан Аққұдық учаскесінде пайдалы қазбалар қорын анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2022 жылдың 19 наурызға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2

2. «Zhambyl Minerals» (Жамбыл Минералз) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбалар қорын анықтау бойынша іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

3 3. «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы қаулының Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балқыбековке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 «Zhambyl Minerals» (Жамбыл Минералз) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Аққұдық учаскесінде пайдалы қазбалар қорын анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеуге берілген жерлердің Экспликациясы

Шу ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 17 шілдесі № 281
қаулығы қосымша
«Zhambyl Minerals» (Жамбыл Минералз) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Аққұдық учаскесінде пайдалы қазбалар қорын анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеуге берілген жерлердің
Экспликациясы

Жер учас­ке­сі­нің
ор­на­лас­қан же­рі
Жал­пы кө­ле­мі, (гек­тар)
Оның ішін­де
Бар­лы­ғы егі­стік (гек­тар)
оның ішін­де
Көп жыл­дық
ек­пе аға­штар
(гек­тар)
Жай­ы­лым
(гек­тар)
Ша­бын­дық
(гек­тар)
Бар­лық ауыл ша­ру­а­шы­лық ал­қап­та­ры
(гек­тар)
Бөгде жер­лер
(гек­тар)
суармалы егістік (гектар)
1
Шоқпар ауылдық округі
460,7520
14,2577
427,8343
442,0920
18,6600
2
Жаңақоғам ауылдық округі
1433,4310
1433,4310
1433,4310
3
Ескі-Шу ауылдық округі
1,3170
1,3170
1,3170
Барлығы:
1895,5000
14,2577
1862,5823
1876,8400
18,6600

Қолданыстағы