Құжат мәтініне өту

О порядке организации и проведения мирных собраний в Тюлькубасском районе

Өзге акт · № 56/1-06 · қабылданған 23.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144994/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О порядке организации и проведения мирных собраний в Тюлькубасском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 56/1-06 ·23.06.2020
20.12.2024 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О порядке организации и проведения мирных собраний в Тюлькубасском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 56/1-06 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке организации и проведения мирных собраний в Тюлькубасском районе
Атауы (қаз.)
Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
56/1-06
Қабылданған күні
23.06.2020
Көрсетілген редакция
20.12.2024 144994_735315.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UN005717
ЭКБ идентификаторы
144994
Редакция идентификаторы
144994_735315
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:57

0 Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу

үшін келесі арнайы орын айқындалсын:

1 1) Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов көшесі, №205 мекен жайда орналасқан М.Х.Дулати атындағы аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаң.

2 2. Түлкібас ауданында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Д.Қонаев және С.Ахметов көшелерінің қиылысынан М.Х.Дулати атындағы аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаңға дейінгі аралық айқындалсын.

3

3. Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

4 4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

5 5. «Түлкібас аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

6 6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану ТӘРТІБІ

Түлкібас аудандық мәслихатының
«___»___________2020 жылғы
№ ____ шешіміне 1-қосымша
Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін
арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын - Түлкібас аудандық мәслихаты бейбіт жиналыстарды немесе шерулерді өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.
Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін
арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуі

п/п
Арнайы орын атауы
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі
Шекті толу нормалары
1.
М.Х.Дулати атындағы аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаң
-көше жарығы;
-электрэнергиясын қосу нүктесі;
-бейнебақылау және бейнежазба камералары;
-автотұрақ орны
(1 кіру, 1 шығу).
150
адам
Жергілікті атқарушы органның өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айырым белгісі;
периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;
Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын, пайдалануды;
БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесе қоршаумен шектеу; фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);
Д.Қонаев және С.Ахметов көшелерінің қиылысынан М.Х.Дулати атындағы аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаңға дейінгі шеру бағытымен танысу;
бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;
Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:
өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;
ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.

11 Пикеттерді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Түлкібас аудандық мәслихатының
«___»___________2020 жылғы
№ ____шешіміне 2- қосымша
Пикеттерді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттерді өткізуге тыйым салынады:

1 1)жаппай жерлеу орындарында;

2 2)теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі обьектілерінде және 1000 метрден кем емес оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3 3)мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;

4 4)қауіпті өндірістік обьектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де обьектілерге 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;

5 5)магистралдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілеріне және оларға 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Қолданыстағы