Құжат мәтініне өту

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Урджарском районе, порядке их использования, нормах их предельной заполняемости, требованиях к их материально-техническому и организационному обеспечению, границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

Өзге акт · № 53-657/VI · қабылданған 24.06.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145019/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Урджарском районе, порядке их использования, нормах их предельной заполняемости, требованиях к их материально-техническому и организационному обеспечению, границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования Күшін жойған Өзге акт ·№ 53-657/VI ·24.06.2020
20.01.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Урджарском районе, порядке их использования, нормах их предельной заполняемости, требованиях к их материально-техническому и организационному обеспечению, границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

Күшін жойған Өзге акт ·№ 53-657/VI · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Урджарском районе, порядке их использования, нормах их предельной заполняемости, требованиях к их материально-техническому и организационному обеспечению, границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования
Атауы (қаз.)
Үржар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
53-657/VI
Қабылданған күні
24.06.2020
Көрсетілген редакция
20.01.2024 145019_701719.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VR007387
ЭКБ идентификаторы
145019
Редакция идентификаторы
145019_701719
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:56

0

Үржар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8- бабының 2- тармағына және 9- бабының 5- тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Үржар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Үржар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Үржар аудандық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымы
№ 53-657/VI шешіміне
қосымша
Үржар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

1

1. Осы Үржар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеу өткізу құқығының іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
Бейбіт жиналыстарды өткізілетін күні бейбіт жиналыстар сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

2 2. Үржар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып Үржар ауылында, Зейнолла Сәнік көшесінде орналасқан «Болашақ» демалыс саябағының алдындағы алаң анықталсын.

Материалдық-техникалық жабдықтау: жасанды жарық; электр энергиясын қосуға арналған нүкте; бейнебақылау және бейнебекіту камералар; 10 автокөлік қою орны (10 кіру, 10 шығу). Шекті толу нормасы 150 адам.

3

3. Шеру мен демонстрацияның маршруты: Үржар ауылындағы Жамбыл-Зейнолла Сәнік көшелерінің қиылысынан, Зейнолла Сәнік көшесінің бойымен төмен «Болашақ» саябағының алдындағы алаңға дейін. Маршрут ұзақтығы 1 километрді құрайды: көше бойында жарықтандыру, бейнебақылау және бейнебекіту камералары бар. Шекті толу нормасы 150 адам.

4 4. Үржар ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны/өтінішті оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен не ұйымдастырушының өкілімен бірлесіп, бейбіт жиналысты өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына мынадай сұрақтар бойынша:

1 1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларының айырым белгісі;

2 2) периметрді анықтау және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамаларымен танысу үшін;

3

3) ұйымдастырушымен не ұйымдастырушының өкілімен осы Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс деңгейі бар дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалану;

4 4) ұйымдастырушымен не ұйымдастырушының өкілімен бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне- және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалану;

5 5) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін барады.

5 5. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.

6 6. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан 300 метрден кем емес қашықтық пикет жүргізуге тыйым салынған шекаралар болып белгіленсін.

Қолданыстағы