О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 46/02
- Қабылданған күні
- 22.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2020 145034_472816.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20K0005963
- ЭКБ идентификаторы
- 145034
- Редакция идентификаторы
- 145034_472816
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:26
0 Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарағанды облысы әкімдігінің келесі қаулылары күші жойылды деп танылсын:
1
1) Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 62/03 «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3529 болып тіркелген, 2015 жылдың 14 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылдың 10 желтоқсанда № 207-208 (22 092) «Орталық Қазақстан» және 2015 жылдың 10 желтоқсанда № 182-183 (21933-21934) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған);
2
2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №41/05 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3901 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 26 шілдеде № 116 – 117 (22 222) «Орталық Қазақстан» және 2016 жылғы 26 шілдеде № 96 (22041) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған).