Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Мактааральского района

Қаулы · № 309 · қабылданған 20.07.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145041/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Мактааральского района Күшін жойған 12.06.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Мактааральского района

Күшін жойған Қаулы № 309 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Мактааральского района
Атауы (қаз.)
Мақтаарал ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
309
Қабылданған күні
20.07.2020
Көрсетілген редакция
12.06.2023 145041_636774.kaz
Соңғы өзгеріс
12.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UG005725
ЭКБ идентификаторы
145041
Редакция идентификаторы
145041_636774
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:28
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мақтаарал ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру

үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Сауда қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңының 27 бабының 2 тармағына және «Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығына сәйкес, (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №11148 болып тiркелген) Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мақтаарал ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы №961 «Мақтарал ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4283 тіркелген, 2017 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. «Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Султанхановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Мақтаарал ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Мақтаарал ауданы әкімдігінің
2020 жылғы «___»__________
№ ___ қаулысына қосымша
Мақтаарал ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді мекеннің атауы
Орналасатын орны
1
Мырзакент кенті
Еркіндік көшесі және Достық каналының қиылысы
2
Мырзакент кенті
Е.Мамбетов көшесі бойында (Бекет батыр көшесі мен Абай көшесінің аралығы)
3
Атакент кенті
Ташкент көшесі бойында (Шаруашылық көшесі мен К.Көшкінбаев көшесінің аралығы)
4
Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі
М.Миманжораев көшесі бойында (Мәдениет үйі ғимаратының оң жақ беті)